О внесении изменения в административно-территориальное устройство города Атырау Атырауской области

Решение областного маслихата от 28 июня 2013 года № 254 и постановление областного акимата Атырауской области от 4 июля 2013 года № 152-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 04 июля 2013 года № 2742

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" и статьями 6, 27, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", учитывая мнения представительных и исполнительных органов города Атырау Атырауской области акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и областной маслихат V созыва на очередной ХV сессии РЕШИЛ:
      1. Преобразовать Жумыскерский поселковый округ в Жумыскерский сельский округ, с административным центром в селе Жумыскер, включив в состав Жумыскерского сельского округа села Жумыскер, Рембаза.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления и решения возложить на Шакимова Т.А. - заместителя акима области и Мукатанова Т.Б. - председателя постоянной комиссии по вопросам соблюдения законности, депутатской этики и правозащите Атырауского областного маслихата.
      3. Настоящее постановление и решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня их первого официального опубликования.
      Председатель сессии Аким области
      У. Каршегенов Б. Измухамбетов
      Секретарь мәслихата С. Лукпанов

Атырау облысы Атырау қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 152-V шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 28 маусымдағы № 254 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 шілдеде № 2742 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Атырау қалалық өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әкімшілік орталығы Жұмыскер ауылы болатын Жұмыскер кенттік округі Жұмыскер ауылдық округіне өзгертіліп, Жұмыскер ауылдық округінің құрамына Жұмыскер, Рембаза ауылдары енгізілсін.
      2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Облыс әкімі
      О. Қаршегенов Б. Ізмұхамбетов
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов