О внесении изменений в некоторые приказы уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 22 января 2014 года № 15-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 марта 2014 года № 9217. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 42.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 22.05.2020 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 12-1 и подпунктом 3) пункта 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 9 июля 1998 года "О естественных монополиях и регулируемых рынках", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках следующие изменения:

      1) в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 19 марта 2003 года № 80-ОД "Об утверждении Правил утверждения тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет в упрощенном порядке" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2237, опубликованный в газете "Официальная газета" 17 мая 2003 года № 20):

      в Правилах утверждения тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет в упрощенном порядке, утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Субъекты естественных монополий, указанные в пункте 3 настоящих Правил, в течение десяти календарных дней с момента получения уведомления уполномоченного органа о включении его в Государственный регистр субъектов естественных монополий представляет в уполномоченный орган заявку на утверждение тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы.";

      пункты 8, 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "8. Прилагаемые к заявке расчеты и обосновывающие материалы отвечают следующим требованиям:

      1) материалы заявки прошиваются, нумеруются, заверяются печатью, и подписью руководителя субъекта естественной монополий. При этом, представленные финансовые документы подписываются первым руководителем и главным бухгалтером субъекта естественной монополии либо лицами, замещающими их, и заверяются печатью субъекта естественной монополии;

      2) обосновывающие материалы представляются в расчете на предстоящий планируемый год (четыре квартала);

      3) в качестве обосновывающих материалов представляются данные о планируемых затратах, доходах;

      4) обосновывающие материалы по каждому виду регулируемых услуг (товаров, работ) представляются раздельно.

      9. Проект тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы на предоставление регулируемых услуг (товаров, работ) субъекта естественной монополии рассматривается уполномоченным органом в течение тридцати календарных дней.

      Срок рассмотрения проекта тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы исчисляется со дня поступления заявки в уполномоченный орган.

      10. Уполномоченный орган при необходимости проводит экспертизу проекта тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы с привлечением для этого независимых экспертов, государственных органов, потребителей и их общественных объединений на основе анализа представленных субъектом естественной монополии с заявкой обосновывающих документов и расчетов, а также сравнительного анализа показателей деятельности субъектов естественных монополий, занимающихся аналогичным видом деятельности.";

      пункт 11 исключить;

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Решение об утверждении тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы оформляется в виде приказа уполномоченного органа и направляется субъекту естественной монополии не позднее, чем за пятнадцать календарных дней до введения утвержденного тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. О введении тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы в упрощенном порядке субъект естественной монополии уведомляет потребителей через официальные средства массовой информации не позднее, чем за десять календарных дней до введения его в действие.";

      пункт 15 исключить;

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Не позднее шести месяцев с момента введения тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы в упрощенном порядке субъект естественной монополии обращается в уполномоченный орган с заявкой для пересмотра тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы в общем порядке.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. В случае завышения тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы, утвержденного в упрощенном порядке, уполномоченный орган одновременно с введением нового тарифа (цены, ставки сбора) и тарифной сметы принимает решение о компенсации потребителям причиненных убытков.";

      2) утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 22.01.2018 № 22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Департаменту стратегического планирования, сводного анализа и международного сотрудничества Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации с последующим представлением в Юридический департамент Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий сведений об опубликовании;

      3) опубликование настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, после официального опубликования в средствах массовой информации.

      4. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:

      1) в срок не превышающий десяти календарных дней направить копию в бумажном и электронном носителе для официального опубликования в Информационно-правовой системе "Әділет";

      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Дуйсебаева А.Ж.

      2. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель

М. Оспанов

"СОГЛАСОВАН"


Министр экономики


и бюджетного планирования


Республики Казахстан


_________ Е. Досаев


6 февраля 2014 год



Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 15-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 наурызда № 9217 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту Ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 нөмірінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртіппен бекіту ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген табиғи монополиялар субъектілері уәкілетті органнан оны Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізілгені туралы хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекітуге өтінім ұсынады.";

      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтінімге қоса беріліп отырған есептер мен негіздеуші материалдар мына талаптарға жауап беруге тиісті:

      1) Өтінімнің материалдары тігіледі, нөмірленеді және табиғи монополия субъектісінің мөрімен және басшысының қолымен расталады. Бұл ретте ұсынылған қаржы құжаттарына табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және табиғи монополия субъектісінің мөрімен расталады;

      2) негіздеуші материалдар алдағы жоспарланатын жылға (төрт тоқсан) арналған есепте ұсынылады;

      3) негіздеуші материалдар ретінде жоспарланған шығындар, кірістер туралы деректер ұсынылады;

      4) негіздеуші материалдар реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша жеке ұсынылады.

      9. Табиғи монополиялар субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсынуға арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобасын уәкілетті орган күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Тариф (баға, алым мөлшерлемесі) және тарифтік смета жобаларын қарау мерзімі өтінімнің уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап саналады.

      10. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) және тарифтік сметаның жобаларына тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық ұйымдарын тарта отырып, табиғи монополиялар субъектісі өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ осындай қызмет түрімен айналысатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсеткішінің салыстырмалы талдау негізінде сараптама жүргізеді.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны бекіту туралы шешім уәкілетті органның бұйрығы түрінде ресімделеді және табиғи монополия субъектісіне бекітілген тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны енгізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жіберіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны оңайлатылған тәртіппен енгізілгені туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.";

      15-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны оңайлатылған тәртіппен енгізген сәттен бастап табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға алты айдан кешіктірмей тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны жалпы тәртіппен қайта қарау үшін өтініш білдіреді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны көтерген жағдайда уәкілетті орган жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны енгізумен қатар тұтынушыларға келтірілген залалға өтемақы төлеу туралы шешім қабылдайды.";

      2) Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2018 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2018 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) көшірмесін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялау үшін қағаз және электронды жеткізгіште жолдасын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      _________________ Е. Досаев

      2014 жылғы 6 ақпан