Об утверждении предупреждений о вреде потребления табачных изделий в местах продажи, на пачке и упаковке табачного изделия

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 2 июня 2015 года № 442. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2015 года № 11538. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № ҚР ДСМ-163/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 28.10.2020 № ҚР ДСМ-163/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктами 3, 13 статьи 159 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые предупреждения о вреде потребления табачных изделий в местах продажи, на пачке и упаковке табачного изделия.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Цой А. В.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утверждено приказом
Министра здравоохранения и
социального развития
Республики Казахстан
от 2 июня 2015 года № 442

Предупреждения о вреде потребления табачных изделий в местах
продажи, на пачке и упаковке табачного изделия

      1. Предупреждение о вреде потребления табачных изделий, размещаемое в местах оптовой и розничной продажи табачных изделий, представляет собой предупредительную надпись о разрушительных последствиях потребления табака и вдыхания табачного дыма для организма человека в соответствии с приложением 1 к настоящему предупреждению.

      2. Предупредительная надпись о вреде потребления табачных изделий располагается в местах оптовой и розничной продажи табачных изделий и включает тексты:

      1) "Курение вызывает пародонтоз и выпадение зубов";

      2) "Курение вызывает преждевременное старение кожи";

      3) "Курение вызывает наркотическую зависимость".

      3. Предупредительная надпись о вреде потребления табачных изделий, размещаемое в местах оптовой и розничной продажи табачных изделий соответствуют следующим параметрам:

      1) печатается в следующем порядке: слева или сверху - на государственном, справа или снизу - на русском языках;

      2) наименование шрифта – Helvetica kz и Helvetica соответственно языку;

      3) направление – слева направо, параллельно нижнему краю;

      4) цвет – белый, спектр СMYK 255.255.255.

      4. Предупреждение о вреде потребления табачных изделий в местах оптовой и розничной продажи табачных изделий соответствует следующим требованиям:

      1) площадь расположения - формат А4 и более;

      2) располагается на уровне не менее 150 сантиметров и не более 200 сантиметров от пола;

      3) располагается в непосредственной близости от места продажи.

      5. Предупреждения о вреде потребления табачных изделий, размещаемые на пачке табачного изделия, упаковке табачных изделий, представляют собой полноцветные рисунки и сопровождающие их надписи о разрушительных последствиях потребления табака и вдыхания табачного дыма для организма человека в соответствии с приложением 2 к настоящему предупреждению.

      6. Предупреждение соответствует следующим требованиям:

      1) располагается в верхней части каждой большей по площади стороны пачки, упаковки табачного изделия;

      2) занимает не менее 40 (сорока) процентов каждой большей по площади стороны пачки табачного изделия, упаковки табачных изделий;

      3) печатаются в высоком разрешении (СMYK не менее 300 dpi);

      4) не печатается на прозрачной оберточной пленке или каком-либо другом внешнем оберточном материале.

      7. Предупреждения о вреде потребления табачных изделий наносятся на пропорционально равное количество пачек табачного изделия, упаковок табачного изделия, произведенных на территории Республики Казахстан, а также ввезенных на территорию Республики Казахстан, в течении календарного года.

      8. Сопровождающие полноцветные рисунки надписи предупреждений о вреде потребления табачных изделий, размещаемые на пачке табачного изделия, упаковке табачных изделий, печатаются на двух языках (на лицевой стороне - на государственном языке, на обратной стороне - на русском языке) и включают тексты:

      1) "Курение вызывает инфаркты и инсульты";

      2) "Курение вызывает рак легких";

      3) "Курение вызывает эмфизему легких";

      4) "Курение вызывает болезни сосудов";

      5) "Курение вызывает пародонтоз и выпадение зубов";

      6) "Курение может стать причиной медленной и мучительной смерти";

      7) "Курение вызывает импотенцию";

      8) "Курение вызывает преждевременное старение кожи";

      9) "Курение вызывает бесплодие и выкидыши";

      10) "Курение вызывает наркотическую зависимость";

      11) "Курение во время беременности вредит Вашему ребенку";

      12) "Защитите детей от табачного дыма".

      9. Тексты надписей, сопровождающих полноцветный рисунок, соответствуют следующим требованиям:

      1) наименование шрифта - Arial kz и Arial соответственно языку;

      2) направление - слева направо, параллельно нижнему краю пачки и упаковки табачных изделий;

      3) цвет - белый, спектр № 255.255.255.

  Приложение 1
к предупреждению о вреде
потребления табачных изделий

Предупреждение о вреде потребления табачных изделий,
размещаемое в местах оптовой и розничной продажи табачных
изделий

      Темекі шегу тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады

      Курение вызывает пародонтоз и выпадение зубов

      Темекі шегу теріні ерте қартайтады

      Курение вызывает преждевременное старение кожи

      Темекі шегу есірткіге тәуелді етеді

      Курение вызывает наркотическую зависимость

  Приложение 2
к предупреждению о
вреде потребления
табачных изделий

Предупреждение о вреде потребления табачных изделий,
размещаемое на пачке табачного изделия, упаковке табачных
изделий


Темекі бұйымдарын сататын орындарда, қорабында және қаптамасында темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертулерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11538 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-163/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.10.2020 № ҚР ДСМ-163/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 159-бабының 3, 13-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымдарын сататын орындарда, қорабында және қаптамасында темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертулер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т.Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 2 маусымдағы
№ 442 бұйрығымен
бекітілген

Темекі бұйымдарын сататын орындарда, қорабында және
қаптамасында темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы
ескертулер

      1. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасы орындарында орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту осы ескертуге 1-қосымшаға сәйкес темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдары жазылатын жазбамен беріледі.

      2. Темекі бұйымдарын сату орындарында темекі шегудің зияны туралы ескерту жазбалар орналастырылады және мынадай мәтіндерді қамтиды:

      1) "Темекі шегу тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады";

      2) "Темекі шегу теріні ерте қартайтады";

      3) "Темекі шегу есірткіге тәуелді етеді".

      3. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасы орындарында орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту жазбалары келесі параметрлерге сәйкес болуы тиіс:

      1) мынадай тәртіпте жазылады: сол жағында немесе жоғары жағында – мемлекеттік, оң жағында немесе төменгі жағында – орыс тілдерінде;

      2) қаріптердің атауы – тілге сәйкес Helvetica kz және Helvetica;

      3) бағыты – төменгі жиегіне қатарластыра, солдан оңға қарай;

      4) түсі – ақ, СMYK C52.M41.Y40.K100 спектрі.

      4. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасы орындарында орналастырылатын ескерту мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) орналасу алаңы – А4 форматы және одан үлкен;

      2) еденнен кемінде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде орналасу;

      3) сауда орнына тікелей жақын жерде орналасу.

      5. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасына орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту осы ескертудің 2-қосымшасына сәйкес темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдарын бейнелеу түріндегі толық түрлі-түсті суретпен беріледі.

      6. Ескерту келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) темекі бұйымы қорабының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының үстіңгі бөлігінде орналасуы;

      2) темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымдары қаптамасының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының кемінде 40 %-ын (қырық) алады;

      3) жоғары деңгейде (СМҮК кемінде 300 dрі) басылады;

      4) мөлдір орауыш пленкаға немесе қандай да бір басқа сыртқы орауыш материалға басылмайды.

      7. Темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту күнтізбелік жылдың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген темекі бұйымы қораптарының, темекі бұйымы қаптамаларының шамамен тең мөлшеріне орналастырылады.

      8. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасына орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескертудің жазбалары, бейнелеу түріндегі толық түрлі-түсті сурет екі тілде (бет жағында - мемлекеттік тілде, келесі бетінде - орыс тілінде) басылады және мынадай мәтіндерді қамтиды:

      1) "Темекі шегу инфаркт пен инсультқа шалдықтырады";

      2) "Темекі шегу өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады";

      3) "Темекі шегу өкпе эмфиземасына шалдықтырады";

      4) "Темекі шегу тамыр ауруларына шалдықтырады";

      5) "Темекі шегу тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады";

      6) "Темекі шегу баяу әрі азапты өлімге себепші болуы мүмкін";

      7) "Темекі шегу импотенцияға шалдықтырады";

      8) "Темекі шегу теріні ерте қартайтады";

      9) "Темекі шегу бедеулікке және түсік тастауға себеп болады";

      10) "Темекі шегу есірткіге тәуелді етеді";

      11) "Жүктілік кезінде темекі шегу Сіздің сәбиіңізге зиян келтіреді";

      12) "Балаларды темекі түтінінен қорғаңыздар".

      9. Бейнелеу түріндегі сурет пен бірге жазылатын жазба келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) қаріптің атауы - тіліне сәйкес Аrіаl кz және Аrіаl;

      2) бағыты - солдан оңға қарай, темекі бұйымдары қорабының және қаптамасының төменгі шетіне параллель;

      3) түсі - ақ, спектр № 255.255.255.

  Темекі бұйымдарын тұтынудың
зияны туралы ескертуге
1-қосымша

Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасы орындарында
орналастырылатын темекі бұйымдарын шегудің
зияны туралы ескерту

      Темекі шегу тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады

      Курение вызывает пародонтоз и выпадение зубов

      Темекі шегу теріні ерте қартайтады

      Курение вызывает преждевременное старение кожи

      Темекі шегу есірткіге тәуелді етеді

      Курение вызывает наркотическую зависимость

  Темекі бұйымдарын тұтынудың
зияны туралы ескертуге
2-қосымша

Темекі бұйымдарының қорабында, темекі бұйымдарының қаптамасында орналастырылатын темекі бұйымдарын шегудің зияны туралы ескерту