Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел строительства Ескельдинского района"

Постановление акимата Ескельдинского района Алматинской области от 09 октября 2015 года № 331. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 13 ноября 2015 года № 3548

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Ескельдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел строительства Ескельдинского района" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел строительства Ескельдинского района" Ертурганова Жанаса Жанайдаровича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Калиева Рустама Тулендиевича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Н. Кылышбаев

  Приложение утвержденное постановлением акимата Ескельдинского района от 9 октября 2015 года № 331

Положение о государственном учреждении "Отдел строительства Ескельдинского района"

1. Общее положение

      1. Государственное учреждение "Отдел строительства Ескельдинского района" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере строительства.
      2. Отдел ведомств не имеет.
      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 040500, Республика Казахстан, Алматинская область, Ескельдинский район, поселок Карабулак, улица Оразбекова, № 31.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел строительства Ескельдинского района".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.
      12. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета.
      13. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.
      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия Отдела: проведение государственной строительной политики на территории Ескельдинского района в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      15. Задачи:
      1) разработка годовых и перспективных программ по строительству, реконструкции и капитальному ремонту районных объектов в соответствии с бюджетными программами по жилищному строительству;
      2) организация и координация работ по строительству, реконструкции и капитальному ремонту объектов инженерной инфраструктуры.
      3) осуществление иных задач, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) обеспечение реализации государственных программ;
      2) обеспечение реализации государственных закупок (проектирование, строительство, реконструкция, капитальный ремонт объектов, выполняемых за счет средств местного бюджета либо с его участием);
      3) осуществление контроля за ходом строительства, реконструкцией объектов, строящихся за счет местного бюджета, трансфертов из областного бюджета;
      4) принятие решений о строительстве (расширении, техническом перевооружении, модернизации, реконструкции, реставрации и капитальном ремонте) строений, зданий, сооружений, инженерных и транспортных коммуникаций, а также об инженерной подготовке территории, благоустройстве и озеленении, консервации строек (объектов), проведении комплекса работ по постутилизации объектов местного значения;
      5) организация и участие в приемке объектов в эксплуатацию приемочными комиссиями;
      6) осуществление иных функций, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) вносить на рассмотрение акима района и районного маслихата предложения по решению вопросов, относящихся к компетенции Отдела;
      2) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      3) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      4) своевременно и качественно рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      5) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3.Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности акимом Ескельдинского района.
      20. Полномочия первого руководителя Отдела:
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия работников Отдела;
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников Отдела;
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Отдела;
      4) в пределах своей компетенции издает приказы;
      5) в пределах своей компетенции представляет интересы Отдела в государственных органах и иных организациях;
      6) противодействует коррупции в Отделе с установлением за это персональной ответственности;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4.Имущество государственного органа

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.
      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5.Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

"Ескелді ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қазандағы № 331 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 13 қарашада № 3548 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ескелді ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Ескелді ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ертурганов Жанас Жанайдаровичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалиев Рустам Тулендиевичқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Қылышбаев

  Ескелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 331 қаулысымен бекітілген қосымша

"Ескелді ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ескелді ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040500, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлак кенті, Оразбеков көшесі, № 31.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ескелді ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары менміндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: Ескелді ауданы аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудандық объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша жылдық және перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;
      2) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік сатып алуды (жергілікті бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен орындалатын объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу) іске асыруды қамтамасыз ету;
      3) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің трансферттері есебінен салынатын объектілер құрылысының барысына, реконструкциялануына бақылауды жүзеге асыру;
      4) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      5) қабылдау комиссияларымен объектілерді пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және оларға қатысу;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
      2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      3) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Ескелді ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.