Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Павлодарского района

Постановление акимата Павлодарского района Павлодарской области от 29 апреля 2015 года № 142/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 20 мая 2015 года № 4474. Утратило силу постановлением акимата Павлодарского района Павлодарской области от 13 мая 2016 года № 148/5

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарского района Павлодарской области от 13.05.2016 № 148/5.
      В соответствии с подпунктом 7) статьи 18 Трудового Кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, подпунктами 5-5), 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты и обеспечения занятости лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, акимат Павлодарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлением акимата Павлодарского района Павлодарской области от 05.02.2016 № 47/2 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      1. Установить квоты рабочих мест:
      для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы в размере двух процентов от общей численности рабочих мест на предприятиях и в организациях Павлодарского района независимо от форм собственности;
      для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере двух процентов от общей численности рабочих мест на предприятиях и в организациях Павлодарского района независимо от форм собственности;
      для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест на предприятиях и в организациях Павлодарского района независимо от форм собственности.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Павлодарского района" обеспечить содействие в трудоустройстве лицам, состоящим на учете службы пробации уголовно-исполнительной системы, а также лицам, освобожденным из мест лишения свободы, и несовершеннолетним выпускникам интернатных организаций на квотируемые рабочие места путем выдачи соответствующих направлений работодателям.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района по социальным вопросам.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Н. Ауталипов

Павлодар ауданының қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерді үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 142/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 4474 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 148/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 13.05.2016 № 148/5 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспесіне өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 05.02.2016 № 47/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Жұмыс орындарының квоталары:
      қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
      бас бостандығанан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан екі пайыз;
      интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Павлодар ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Әутәліпов