Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 20 апреля 2015 года № 113. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 20 мая 2015 года № 3185. Утратило силу постановлением акимата Туркестанской области от 13 января 2022 года № 9

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Туркестанской области от 13.01.2022 № 9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии c подпунктом 17-3) статьи 20 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 12 декабря 2014 года № 143-р "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопосам разграничения полномочий между уровнями государственного управления" и приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 145 "Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10030, акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Правила расчета норм образования и накопления коммунальных отходов согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное публикование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Садыра Е.А.

      Аким области А. Мырзахметов

      Оспанов Б.
      Жилкишиев Б.
      Айтаханов Е.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С
      Абдуллаев А.
      Исаева Р

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области от
" 20 " апреля 2015 года
№ 113

Правила
расчета норм образования и накопления коммунальных отходов

Общие положении

      1. Настоящие Правила расчета норм образования и накопления коммунальных отходов (далее - Правила), разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок расчета норм образования и накопления коммунальных отходов.
      2. К коммунальным отходам относятся твердые бытовые отходы и отходы потребления, образующиеся в населенных пунктах, в том числе в результате жизнедеятельности человека, а также отходы производства, близкие к ним по составу и характеру образования.

2. Порядок расчета норм образования и накопления коммунальных отходов

      3. Нормы образования и накопления коммунальных отходов устанавливаются отдельно для всех объектов жилищного фонда, для нежилых помещений.
      4. Нормы образования и накопления коммунальных отходов определяются для всех видов объектов жилищного фонда и по нежилым, помещениям согласно приложению 1 к Типовым правилам расчета и накопления коммунальных отходов, утвержденных приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 145 "Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 10030) (далее -Типовые правила).
      5. Определение норм образования и накопления коммунальных отходов производится путем проведения натурных замеров с последующим расчетом объема накопления на расчетную единицу. Контроль за организацией и качеством расчета норм образования и накопления коммунальных отходов осуществляют в пределах своей компетенции соответствующие отделы акиматов городов и районов области.
      6. Для проведения натурных замеров выделяются объекты жилого фонда двух типов с различным уровнем благоустройства:
      1) благоустроенные дома, имеющие водопровод, канализацию, газоснабжение, центральное отопление, мусоропровод;
      2) неблагоустроенные дома с печным отоплением, не имеющие водопровода и канализации.
      7. Для определения норм образования и накопления коммунальных отходов, образующихся от населения, выделяются участки со следующим количеством проживающего населения:
      в городах с населением до 300 тысяч человек участки выбираются с охватом 2% населения общего числа жителей по каждому виду благоустройства;
      в городах с населением от 300 до 500 тысяч человек - 1%;
      в городах с населением более 500 тысяч человек - 0,5% (из них не менее 500 человек по неблагоустроенному сектору).
      8. На выбранные объекты перед проведением замеров представителями соответствующих отделов акиматов городов районов области совместно с организацией, осуществляющей сбор и вывоз коммунальных отходов, составляются коммунальные паспорта жилищного фонда и нежелых помещений по формам согласно приложению 2 к Типовым правилам.
      9. Для определения объема и массы образованных и накопленных коммунальных отходов применяют мерную линейку и весовое оборудование.
      10. Перед началом замера отходы в контейнере разравниваются и с помощью мерной линейки определяется объем отходов.
      11. Масса накапливающихся отходов определяется путем взвешивания заполненных контейнеров и последующего вычитания массы порожнего контейнера.
      12. В случае если общий объем образованных и накопленных коммунальных отходов одного участка полностью заполняет кузов специальной техники (мусоровоза) и дальнейшая загрузка с других участков невозможна, допускается определение массы отходов проводить путем взвешивания загруженной и порожней машины на автомобильных весах.
      13. Данные по массе и объему образованных и накопленных коммунальных отходах вносятся в бланк первичных записей по форме согласно приложению 3 к Типовым правилам.
      14. После обработки первичных материалов по замерам, полученные данные (масса, объем) каждого объекта суммируются по дням недели и заносятся в сводную сезонную ведомость образования и накопления коммунальных отходов по форме согласно приложению 4 к Типовым правилам.
      15. После проведения сезонных замеров, данные (масса, объем) вносится в сводную годовую ведомость образования и накопления коммунальных отходов по форме согласно приложению 5 к Типовым правилам.
      16. Сбор коммунальных отходов, предполагаемых к замеру по определенному объекту, должен исключать смешивание коммунальных отходов от других объектов.
      17. При определении накопления коммунальных отходов используются стандартные контейнеры одинаковой емкости. С целью более полного учета отходов и определения коэффициента неравномерности образования и накопления предусматривается установка дополнительных контейнеров, необходимость установки которых и их количество уточняется при обследовании выбранных участков.
      За сутки до начала замеров все контейнеры должны быть полностью очищены.
      18. Обработка первичных материалов по замерам производится не позднее, чем на следующий день после их проведения.
      19. Расчет норм образования и накопления коммунальных отходов производится согласно приложению 6 к Типовым правилам.

Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 113 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 3185 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 13.01.2022 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

      Б. Оспанов
      Б. Жылқышиев
      Е. Айтаханов
      С. Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев
      Р. Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы
" 20 " сәуірдегі
№ 113 қаулысымен бекітілген 

Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары

1.Жалпы ережелер

      1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.
      2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.

2.Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

      3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
      4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормалары "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары" деген 1-қосымшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10030 нөмірімен тіркелген) (бұдан әрі-Үлгілік қағидалары) тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
      5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады. Облыстың қала және аудан әкімдіктерінің тиісті бөлімдері өз құзіреттері шегінде коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеуді қамтамасыз етеді.
      6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
      1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
      2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
      7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзелу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:
      халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;
      халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;
      халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5 %-ын (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).
      8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында облыстың қалалар және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімінің өкілдерімен коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
      9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
      10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
      11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
      12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
      13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
      14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
      15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) Үлгілік қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
      16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
      17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
      Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
      18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
      19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Үлгілік қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.