Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года

Постановление акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 29 апреля 2016 года № 154. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 12 мая 2016 года № 4919. Срок действия постановления - до 1 января 2017 года

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлений и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", Указом Президента Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года № 229 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2016 года о реализации Указа Президента Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года № 229 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года", акимат Мугалжарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить проведение призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2016 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Расходы в связи с выполнением мероприятий по проведению призыва осуществляются за счет средств местного бюджета.
      3. Рекомендовать:
      1)       государственным коммунальным казенным предприятиям "Мугалжарская центральная районная больница" и "Эмбенская районная больница" (по согласованию) провести мероприятия по призыву;
      2)       государственному учреждению "Отдел внутренних дел Мугалжарского района" (по согласованию) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности;
      3)       государственному учреждению "Мугалжарский районный отдел по делам обороны" (по согласованию) совместно с государственными учреждениями обеспечить организацию и проведение мероприятий связанных с призывом в рамках компетенции предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      4. Акимам городов и сельских округов, руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений обеспечить оповещение призывников о вызове их на призывной пункт и своевременное прибытие лиц по этому вызову.
      5.      Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района К.Назарова и начальника государственного учреждения "Мугалжарский районный отдел по делам обороны" (по согласованию) А.Культлеуова.
      6.      Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правовые отношения возникшие с 1 апреля 2016 года.
      Аким района С.Шангутов

2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 154 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 4919 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 229 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 06 сәуірдегі Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) "Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы" және "Ембі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
      2) "Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      3) "Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін.
      4. Қалалар және ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан      әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа және "Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Культлеуовке жүктелсін (келісім бойынша).
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкiмi С.Шаңғұтов