Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по городу Талдыкорган

Постановление акимата города Талдыкорган Алматинской области от 05 октября 2016 года № 43-688. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 1 ноября 2016 года № 3990. Утратило силу постановлением акимата города Талдыкорган области Жетісу от 23 февраля 2024 года № 109

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Талдыкорган области Жетісу от 23.02.2024 № 109 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктами 14-1), 14-3) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 7), 8), 9) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по городу Талдыкорган в размере трех процентов от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Центр занятости города Талдыкорган" (Кусаинов Жамалдин Зикриевич) осуществить официальное опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и интернет-ресурсе акимата города, а также в газете "Талдыкорган", периодическом печатном издании, получившим право официального опубликования нормативных правовых постановлений акимата города и нормативных правовых решений акима города.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Кольбаева Марлена Капашовича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Б. Карасаев

Талдықорған қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қазандағы № 43-688 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 1 қарашада № 3990 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 109 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 23.02.2024 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
      2. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Жамалдин Зикриевич Кусаинов) осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Марлен Капашович Кольбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Қарасаев