Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации и освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата Жамбылского района Алматинской области от 10 октября 2016 года № 504. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 26 октября 2016 года № 3985. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Алматинской области от 19 января 2024 года № 11

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Алматинской области от 19.01.2024 № 11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии подпунктом 7, 8) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", акимат Жамбылского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации и освобожденных из мест лишения свободы в размере пяти процентов от численности рабочих мест по Жамбылскому району.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Жамбылского района от 03 июня 2013 года № 400 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" (зарегистрированого в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 12 июня 2013 года № 2377, опубликованого в газете "Атамекен" от 22 июня 2013 года № 26).
      3. Возложить на директора государственного учреждения "Центр занятости Жамбылского района" Алматинской области Долдабаева Бакытжана Кабыловича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района (курирующего вопросы социальной сферы).
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Ж. Далабаев

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 504 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 26 қазанда № 3985 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 19.01.2024 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7, 8) тармақшаларына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданы бойынша жұмыс орындары санының бес пайыз мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
      2. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 маусымдағы "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақбас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 12 маусымыда № 2377 тіркелген, "Атамекен" газетінде 2013 жылдың 22 маусымында № 26 жарияланған) № 400 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Алматы облысы "Жамбыл ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры Долдабаев Бакытжан Кабыловичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саласының мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Далабаев