О внесении изменений в решение Мунайлинского районного маслихата от 20 апреля 2016 года №2/17 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата"

Решение Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 21 октября 2016 года № 4/75. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 30 ноября 2016 года № 3200. Утратило силу решением Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 24 февраля 2017 года № 7/123

      Сноска. Утратило силу решением Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 24.02.2017 № 7/123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
       В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Приказом Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года №13 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №12705) Мунайлинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Мунайлинского районного маслихата от 20 апреля 2016 года №2/17 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3050, опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" от 13 июня 2016 года) следующее изменение:
      в Методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата", утвержденным указанным решением:
      второй абзац пункта 6 изложить в новой редакции следующего содержания:
      "Председателем Комиссии является секретарь Мунайлинского районного маслихата.".
      2. Руководителю аппарата Мунайлинского районного маслихата (А.Жанбуршина) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Мунайлинского районного маслихата по социальным вопросам, законности, правопорядка, по депутатским полномочиям и этике (председатель комиссии Конысбаева Г).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Б.Казахбаев
      Секретарь районного маслихата Б. Назар

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі 2/17 "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/75 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 қарашада № 3200 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 7/123 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.02.2017 № 7/123 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12705 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі №2/17 "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3050 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесінде:
      6 тармақтың екінші абзацы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
      "Комиссия төрағасы Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы болып табылады.".
      2. Мұнайлы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Қонысбаева).
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Б.Қазақбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар