О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 184/6 "Об утверждении государственного образовательного заказа на 2015 - 2016 учебный год"

Постановление акимата Павлодарской области от 12 января 2016 года № 2/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 25 января 2016 года № 4902

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Павлодарской области от 3 июля 2015 года № 184/6 "Об утверждении государственного образовательного заказа на 2015 - 2016 учебный год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4635, опубликовано 8 августа 2015 года в газетах "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья") следующие изменения:
      в приложении 1 к указанному постановлению:
      в строке с порядковым номером 58 цифры "50" заменить цифрами "60";
      в строке с порядковым номером 86 цифры "75" заменить цифрами "94".
      2. Государственному учреждению "Управление образования Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:
      размещение утвержденного государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием в соответствующих учебных заведениях;
      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;
      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет";
      размещение настоящего постановления на интернет–ресурсе акимата Павлодарской области.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Садибекова Г.К.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области К. Бозумбаев

Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 184/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 2/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 4902 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 184/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 болып тіркелді, 2015 жылғы 8 тамызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      реттік нөмірі 58-жолдағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 86-жолдағы "75" деген сандар "94" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті оқу орындарында орналастыруды;
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев