Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершенолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

Постановление акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 21 июня 2016 года № 107. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 19 июля 2016 года № 4481. Утратило силу постановлением акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 26 апреля 2017 года № 58

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бокейординского района Западно-Казахстанской области от 26.04.2017 № 58 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", и от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершенолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере пяти процентов от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Бокейординский районный отдел занятости и социальных программ" принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления.
      3. Руководителю аппарата акима района (Айткалиев Е.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      4. Признать утратившим силу постановление акимата района "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительных инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" от 30 января 2013 года № 23 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3182, опубликованное 2 марта 2013 года в газете "Орда жұлдызы").
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Л. Кайргалиевой.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Бокейординского района Н. Рахимжанов

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата- анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 107 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 шілдеде № 4481 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 26.04.2017 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы", және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е. Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Аудан әкімдігінің "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 23 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3182 тіркелген, 2013 жылғы 2 наурыздағы "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Қайырғалиеваға жүктелсiн.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бөкей ордасы ауданы әкімі Н. Рахымжанов