Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 22 апреля 2016 года № 71. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 23 мая 2016 года № 4425. Утратило силу постановлением акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 33

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 24.02.2017 № 33 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", акимат Жанибекского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Жанибекского района от 16 апреля 2012 года № 79 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7-6-141, опубликованное 8 июня 2012 года в газете "Шұғыла").
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Жанибекского района" обеспечить содействие в трудоустройстве на квотируемые рабочие места путем выдачи соответствующих направлений работодателям.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Менешова Б. Н.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким района М. Мукаев

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 71 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 мамырда № 4425 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 24.02.2017 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 79 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, № 7-6-141, 2012 жылғы 8 маусымдағы "Шұғыла" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. "Жәнібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен мұқтаж мүгедектерді квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Н. Меңешовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Мұқаев