О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 189 "Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих государственных организаций культуры"

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 июля 2017 года № 220. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 августа 2017 года № 15575

      В соответствии с пунктом 7 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 189 "Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих государственных организаций культуры" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14035, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 15 августа 2016 года) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах и условиях проведения аттестации гражданских служащих государственных организаций культуры, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Аттестация служащих осуществляется в целях определения уровня соответствия знаний и квалификации служащих квалификационным характеристикам к занимаемой ими должности и/или квалификационной категории, на которую они претендуют.";

      часть первую пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Служащие подлежат аттестации по истечении каждых последующих трех лет пребывания на гражданской службе, но не ранее одного года со дня занятия ими данной должности.";

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Для проведения аттестации по повышению квалификационной категории по инициативе служащих, до истечения сроков, указанных в пункте 5 настоящих Правил, они подают заявление в произвольной форме на имя лица, уполномоченного назначать служащих. Служащие проходят аттестацию досрочно в порядке и на условиях, установленных главой 2 настоящих Правил.";

      пункты 10, 11 изложить в следующей редакции:

      "10. Кадровая служба письменно уведомляет служащих о дате проведения собеседования не позднее чем за тридцать календарных дней до начала ее проведения, а также запрашивает служебные характеристики.

      11. Непосредственные руководители служащих подлежащего аттестации, оформляют служебные характеристики и направляют их в кадровую службу в течение трех рабочих дней со дня поступления запроса.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. При неявке служащих, подлежащих аттестации, на заседание аттестационной комиссии в связи с временным отсутствием на работе по уважительной причине (временной нетрудоспособности, на период нахождения в оплачиваемом ежегодном трудовом отпуске, в социальном отпуске или в командировке), рассмотрение вопроса об их аттестации переносится на более поздний срок, определяемый аттестационной комиссией. Перенос аттестации допускается не более одного раза.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. По результатам собеседования аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует квалификационным характеристикам к занимаемой должности и/или квалификационной категории;

      2) подлежит повторной аттестации, за исключением случая, указанного в пункте 2 настоящих Правил;

      3) не соответствует квалификационным характеристикам к занимаемой должности и или квалификационной категории.".

      2. Службе управления персоналом Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после его официального опубликования размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      4) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Мухамедиулы

"Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 тамызда № 15575 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 14035 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 тамызында жарияланған) келесі өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарында:

      2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметшілерді аттестаттау олардың атқарып отырған лауазымдарына немесе үміттеніп отырған біліктілік санаттарына олардың білім деңгейлерінің және/немесе біліктілік сипаттамаларына сәйкестіктерін анықтау үшін өткізіледі.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбiр кейінгі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап бір жылдан бұрын емес мерзімде аттестаттауға жатады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнің өтуіне дейінгі мерзімде қызметшілердің бастамасы бойынша біліктілік санатын жоғарылату мақсатындағы аттестаттауын өткізу үшін, тағайындауға құқығы бар тұлғаның атына ерікті нысандағы өтініш беріледі. Қызметшілер осы Ереженің 2–тарауында белгіленген тәртіппен және шарттар бойынша аттестаттаудан мерзімінен бұрын өтеді.";

      10, 11- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кадр қызметі қызметшілерді әңгімелесу өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы жазбаша түрде хабардар етеді, сондай-ақ қызметтік мінездемелерді сұратады.

      11. Аттестаттауға жататын қызметшілердің тікелей басшылары қызметтік мінездемелерді ресімдейді және оны кадр қызметіне сұрау түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.";

      17- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Аттестаттауға жататын қызметшілердің дәлелді себептермен жұмыста уақытша болмауына байланысты (еңбекке қабілеттіліктен уақытша айырылған жағдайларда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарында, әлеуметтік демалыстарда немесе іссапарда болуы), аттестаттау комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оларды аттестаттау мәселесін қарастыру аттестаттау комиссиясымен айқындалатын басқа мерзімге ауыстырылады. Аттестаттау мерзімін бір рет қана ауыстыруға жол беріледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу қорытындысы бойынша келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) атқарып отырған лауазымының біліктілік сипаттамаларына және/немесе біліктілік санатына сәйкес келеді;

      2) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қайта аттестаттауға жатады;

      3) атқарып отырған лауазымының біліктілік сипаттамаларына және/немесе біліктілік категориясына сәйкес келмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы