О внесении изменений и дополнений в совместное постановление акимата Карагандинской области от 10 июня 2016 года № 40/10 и решение Карагандинского областного маслихата от 30 июня 2016 года № 59 "Об изменении границ Абайского, Бухар-Жырауского районов Карагандинской области"

Совместное постановление акимата Карагандинской области от 30 марта 2017 года № 19/02 и решение Карагандинского областного маслихата от 30 марта 2017 года № 166. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 10 апреля 2017 года № 4206

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат Карагандинской области РЕШИЛ:

      1. Внести в совместное постановление акимата Карагандинской области от 10 июня 2016 года № 40/10 и решение Карагандинского областного маслихата от 30 июня 2016 года № 59 "Об изменении границ Абайского, Бухар-Жырауского районов Карагандинской области" (далее - совместное постановление акимата и решение маслихата), (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3916, опубликовано в газете "Индустриальная Караганда" от 28 июля 2016 года №97 (22042), "Орталық Қазақстан" от 28 июля 2016 года №118-119 (22 224), в информационно-правовой система "Әділет" от 1 августа 2016 года), следующие изменения и дополнения:

      подпункты 1), 2), 3) пункта 1 совместного постановления акимата и решения маслихата изложить в следующей редакции:

      "1) включить в границы Абайского района земли села Дубовка Дубовского сельского округа Бухар-Жырауского района общей площадью 19 649 гектаров согласно приложению к настоящему совместному постановлению и решению;

      2) изменить административно-территориальное устройство Абайского района с образованием Дубовского сельского округа Абайского района с центром в селе Дубовка;

      3) исключить из административного-территориального устройства Бухар-Жырауского района Дубовский сельский округ землями общей площадью 19 649 гектаров;";

      пункт 1 совместного постановления и решения маслихата дополнить подпунктами 4), 5), 6) следующего содержания:

      "4) включить в границы Уштобинского сельского округа Бухар-Жырауского района земли села Новостройка и прилегающих земель Дубовского сельского округа общей площадью 28 129 гектаров согласно приложению к настоящему совместному постановлению и решению;

      5) установить границу (черту) Дубовского сельского округа Абайского района в соответствии с проектом межхозяйственного землеустройства по изменению границ Абайского и Бухар-Жырауского районов, согласно приложения к настоящему совместному постановлению и решению;

      6) установить границу (черту) города Абай Абайского района Карагандинской области в соответствии с проектом межхозяйственного землеустройства по изменению границы между Абайским и Бухар-Жырауским районами, согласно приложению к настоящему совместному постановлению и решению.";

      приложение к совместному постановлению и решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему совместному постановлению и решению.

      2. Настоящие совместное постановление акимата и решение маслихата вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Кошанов
      Председатель сессии А. Тукбаева
      Секретарь областного маслихата Р. Абдикеров

  Приложение
к совместному постановлению акимата Карагандинской области от 30 марта 2017 года № 19/02 и решению Карагандинского областного маслихата от 30 марта 2017 года № 166
  Приложение
к совместному постановлению акимата Карагандинской области от 10 июня 2016 года №40/10 и решению Карагандинского областного маслихата от 30 июня 2016 года № 59

Экспликация
земель, включаемых в границы Абайского,
Бухар-Жырауского районов Карагандинской области

№ п/п

Наименование

Площадь земель, включаемых в границы, в гектарах

1.

Абайский район

19649

2.

Уштобинский сельский округ Бухар-Жырауского района

28129


Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 40/10 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 59 "Қарағанды облысының Абай, Бұқар жырау аудандарының шекараларын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 166 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 сәуірде № 4206 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 40/10 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 59 "Қарағанды облысының Абай, Бұқар жырау аудандарының шекараларын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (бұдан әрі - әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі), (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3916 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдедегі № 97 (22042) "Индустриальная Караганда", 2016 жылғы 28 шілдедегі № 118-119 (22224) "Орталық Қазақстан" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 1 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің 1 тармағының 1), 2), 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "1) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай ауданының шекарасына Бұқар жырау ауданы Дубовка ауылдық округінің Дубовка ауылының жалпы ауданы 19 649 гектар жері қосылсын;

      2) орталығы Дубовка ауылында Абай ауданының Дубовка ауылдық округін құру арқылы Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерілсін;

      3) Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысынан жалпы ауданы 19 649 гектар құрайтын жер Дубовка ауылдық округі алынсын;";

      әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің 1 тармағы 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округінің шекарасына Новостройка ауылының және Дубовка ауылдық округінің ауданы жалпы 28 129 гектар іргелес жерлері қосылсын;

      5) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай және Бұқар жырау аудандары шекарасын өзгерту бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес Абай ауданының Дубовка ауылдық округінің (шегі) шекарасы белгіленсін;

      6) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай және Бұқар жырау аудандары арасындағы шекарасының өзгерту бойынша шаруашылықаралық жерге орналыстыру жобасына сәйкес Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының (шегі) шекарасы белгіленсін.";

      бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов
      Сессия төрағасы А. Түкбаева
      Облыстық мәслихат хатшысы Р. Әбдікеров

  Бірлескен Қарағанды облысы әкімдігі 2017 жылғы 30 наурыздағы № 19/02 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 166 шешіміне қосымша
  Бірлескен Қарағанды облысы әкімдігі 2016 жылғы 10 маусымдағы № 40/10 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 59 шешіміне қосымша

Қарағанды облысы Абай, Бұқар жырау аудандарының шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы

№ р/с

Атауы

Шекараларына қосылатын жерлердің көлемі, гектар

1.

Абай ауданы

19649

2.

Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі

28129