О признании утратившим силу постановление акимата Павлодарской области от 25 февраля 2016 года № 79/2 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов Павлодарской области"

Постановление акимата Павлодарской области от 21 февраля 2017 года № 30/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 9 марта 2017 года № 5399

      В соответствии с пунктом 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившим силу постановление акимата Павлодарской области от 25 февраля 2016 года № 79/2 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов Павлодарской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4976, опубликовано 12 марта 2016 года в газетах "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья").
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:
      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;
      официальное опубликование настоящего постановления;
      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Уразгулова Р.К.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области Б. Бакауов

Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Павлодар облысының жергілікті бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 79/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 30/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 наурызда № 5399 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы "Павлодар облысының жергілікті бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 79/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4976 болып тіркелді, 2016 жылғы 12 наурызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулының ресми жариялануға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Бақауов