О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 16 мая 2014 года № 219/28 "Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Экибастузу"

Решение маслихата города Экибастуза Павлодарской области от 12 октября 2017 года № 182/21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 02 ноября 2017 года № 5664. Утратило силу решением Экибастузского городского маслихата Павлодарской области от 29 сентября 2022 года № 165/22

      Сноска. Утратило силу - решением Экибастузского городского маслихата Павлодарской области от 29.09.2022 № 165/22 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 145 "Об утверждении Типовых правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов", Экибастузский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Экибастузского городского маслихата от 16 мая 2014 года № 219/28 "Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Экибастузу" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3854, опубликовано 19 июня 2014 года в газете "Отарқа" и 19 июня 2014 года в газете "Голос Экибастуза") следующие изменения:

      1) в заголовке и в пункте 1 указанного решения на казахском языке слова "жиналу және пайда болу нормасын" заменить словами "түзілу және жинақталу нормаларын", текст на русском языке не меняется;

      2) в приложении к указанному решению на казахском языке слова "пайда болу" заменить словом "түзілу", текст на русском языке не меняется.

      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам строительства, транспорта и жилищно-коммунального хозяйства.

      3. Настоящее решение вступает в силу по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      секретарь городского маслихата Б. Куспеков

Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" № 219/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 қазандағы № 182/21 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 02 қарашада № 5664 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 165/22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 29.09.2022 № 165/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 145 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда "Отарқа" газетінде және 2014 жылғы 19 маусымда "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) № 219/28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің атауында және 1 тармағында қазақ тіліндегі "жиналу және пайда болу нормасын" сөздері "түзілу және жинақталу нормаларын" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) көрсетілген шешімнің қосымшасында қазақ тіліндегі "пайда болу" сөздері "түзілу" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы Б. Куспеков