О переименовании улиц села Песчаное Песчанского сельского округа Качирского района

Решение акима Песчанского сельского округа Качирского района Павлодарской области от 6 марта 2017 года № 6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 17 марта 2017 года № 5409

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", учитывая мнение жителей села Песчаное Песчанского сельского округа и на основании заключения областной ономастической комиссии от 21 ноября 2016 года аким Песчанского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Переименовать следующие улицы села Песчаное Песчанского сельского округа Качирского района:
      улицу "Новостройка" на улицу "Тәуелсіздік";
      улицу "Октябрьское" на улицу "Фарида Какабаева";
      улицу "50 лет КазССР" на улицу "Жумадильды Абулкаирова".
      2. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Песчанского сельского округа А. Дюсембаева

Качир ауданы Песчан ауылдық округі Песчан ауылының көшелерін қайта атау туралы

Павлодар облысы Качир ауданы Песчан ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 5409 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Песчан ауылдық округі Песчан ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Песчан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Качир ауданы Песчан ауылдық округі Песчан ауылының мына көшелері:
      "Новостройка" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
      "Октябрьское" көшесі "Фарид Қақабаев" көшесі болып;
      "50 лет Каз ССР" көшесі "Жұмаділдә Әбілқайыров" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Песчан ауылдық
      округінің әкімі А. Дүйсембаева