Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения административным государственным служащим государственного учреждения "Аппарат маслихата Щербактинского района" и его описания

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 20 октября 2017 года № 91/27. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 31 октября 2017 года № 5660. Утратило силу решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 16 июля 2020 года № 256/77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 16.07.2020 № 256/77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", подпунктом 7) пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан, Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения административным государственным служащим государственного учреждения "Аппарат маслихата Щербактинского района" и его описание.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Щербактинского районного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Лямцев
      Секретарь районного маслихата С. Шпехт

  Утверждены
решением Щербактинского
районного маслихата
от 20 октября 2017 года № 91/27

Правила выдачи служебного удостоверения административным
государственным служащим государственного учреждения
"Аппарат маслихата Щербактинского района" и его описание

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения административным государственным служащим государственного учреждения "Аппарат маслихата Щербактинского района" и его описание (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок выдачи служебного удостоверения административным государственным служащим государственного учреждения "Аппарат маслихата Щербактинского района" (далее - аппарат) и его описание.

      2. Служебное удостоверение (далее - удостоверение) является официальным документом, подтверждающим занимаемую административным государственным служащим должность в аппарате.

      3. Удостоверение соответствует описанию, утвержденному настоящими Правилами.

      4. Удостоверение без соответствующего оформления, с помарками и подчистками считается недействительным.

Глава 2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      5. Удостоверение выдается административным государственным служащим корпуса "Б" за подписью секретаря Щербактинского районного маслихата.

      6. Удостоверение выдается сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, утере, а также порче ранее выданного удостоверения. При получении удостоверения сотрудники расписываются в журнале учета выдачи и возврата служебного удостоверения административных государственных служащих аппарата (далее - журнал учета) по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      7. При вручении удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения. При замене удостоверения, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, ранее выданное удостоверение изымается руководителем организационного отдела аппарата.

Глава 3. Описание служебного удостоверения

      8. Удостоверение представляет собой книжечку в переплете из бумвинила. Обложка удостоверения голубого цвета размером 7 х 10 сантиметров, а в развернутом виде размером 7 х 21 сантиметров.

      9. На лицевой стороне обложки удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись на государственном языке "Куәлік" и на русском языке "Удостоверение".

      10. На внутренней стороне удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи красного цвета "Павлодар облысы Шарбақты ауданы "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, Павлодарская область Щербактинский район государственное учреждение "Аппарат маслихата Щербактинского района".

      11. На левой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "Қазақстан", рядом указывается номер удостоверения, имя, отчество (при наличии), фамилия, занимаемая должность. Текст печатается на государственном языке. Ниже указывается срок действия удостоверения.

      12. На правой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3 х 4 сантиметров, рядом указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность. Текст печатается на русском языке, заверяется подписью секретаря Щербактинского районного маслихата и скрепляется гербовой печатью.

Глава 4. Заключительные положения

      13. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения удостоверений осуществляет руководитель организационного отдела аппарата.

      14. В случае утраты или порчи удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме руководителя организационного отдела аппарата в течение трех рабочих дней, подает объявление в средства массовой информации.

      15. По каждому факту утраты, порчи удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению, руководитель аппарата в течении десяти рабочих дней проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия аппарата рассматривает вопрос о привлечении виновных лиц к дисциплинарной ответственности.

      16. При увольнении сотрудник сдает удостоверение руководителю организационного отдела аппарата. Сданные сотрудниками удостоверения при увольнении либо порче подлежат уничтожению с составлением акта на списание и уничтожение удостоверений по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

  Приложение 1
к Правилам выдачи
служебного удостоверения
административным
государственным служащим
государственного учреждения
"Аппарат маслихата
Щербактинского района"
и его описание
  Форма

Журнал учета выдачи и возврата служебных
удостоверений административных государственных
служащих государственного учреждения "Аппарат
маслихата Щербактинского района"

Фамилия имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

№ Удостоверения

Дата выдачи

Подпись сотрудника, кому выдано служебное удостоверение

Дата возврата

Подпись сотрудника, сдавшего удостоверение






















      Примечание: Журнал должен быть прошнурован, пронумерован.

  Приложение 2
к Правилам выдачи
служебного удостоверения
административным
государственным служащим
государственного учреждения
"Аппарат маслихата
Щербактинского района"
и его описание
  Форма

      Наименование государственного учреждения
АКТ №_________

      _______________                               ___________

      место составления                                    дата

      Мы, нижеподписавшиеся, (не менее 3 сотрудников, указать фамилию, имя, отчество (при наличии), занимаемую должность), на основании пункта 16 настоящих Правил, составили настоящий акт по списанию и уничтожению служебных удостоверений сотрудников государственного учреждения "Аппарат маслихата Щербактинского района".

      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      Наименование должности      Подпись

      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      Наименование должности      Подпись

      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      Наименование должности      Подпись

"Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қазандағы № 91/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 қазанда № 5660 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 шілдедегі № 256/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 16.07.2020 № 256/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Лямцев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2017
жылғы 20 қазандағы
№ 91/27 шешімімен
Бекітілген

"Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік
мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік
куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат) әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі – куәлік) әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аппаратта атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Куәлік осы Қағидалармен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

      4. Тиісінше ресімделмеген, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Куәлік "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне Шарбақты аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      6. Куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі. Қызметкерлер қызметтік куәлікті алу барысында осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

      7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген куәлікті ауыстыру кезінде аппараттың ұйымдастырушылық бөлімінің басшысымен бұрын берілген куәлікті қайтарып алады.

3-тарау. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

      8. Куәлік мұқабасы бумвинилдан жасалған кітапшадан тұрады. Қызметтік куәліктің тысы көгілдір түсті, көлемі 7 х 10 сантиметр, ашып көрсетілген түрінде 7 х 21 сантиметр.

      9. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен мемлекеттік тілінде "Куәлік" және орыс тілінде "Удостоверение" деген жазу жазылған.

      10. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын нысанның қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "Павлодар облысы Шарбақты ауданы "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, Павлодарская область Щербактинский район государственное учреждение "Аппарат маслихата Щербактинского района" деген қызыл түсті жазулар орналастырылған.

      11. Сол жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "Қазақстан" деген жазу, жанында куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады. Одан төмен куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      12. Оң жағында: көлемі 3 х 4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), жанында куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады, Шарбақты аудандық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аппараттың ұйымдастырушылық бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

      14. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу аппараттың ұйымдастырушылық бөлімінің басшысына үш жұмыс күн ішінде жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      15. Куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша аппараттың басшысы он жұмыс күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      16. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер куәлікті аппараттың ұйымдастырушы бөлімнің басшысына тапсырады. Қызметкерлер жұмыстан босатылған немесе бүлінген кезде тапсырған куәліктер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәліктерді жою және есептен шығаруға актіні жасаумен жоюға жатады.

  "Шарбақты аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
әкімшілік мемлекеттік
қызметшілеріне қызметтік
куәлігін беру Қағидалары және
оның сипаттамасына
1-қосымша
  Нысан

"Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік
мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік
куәліктерін беру және қайтаруды есепке алу журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәлік №

Берілген күні

Қызметтік куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсыру күні

Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы






















      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  "Шарбақты аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
әкімшілік мемлекеттік
қызметшілеріне қызметтік
куәлігін беру Қағидалары және
оның сипаттамасына
2-қосымша
  Нысан

      Мемлекеттік мекеменің атауы
№ ____АКТІ

      ______________________                  _________________

      жасалған орны                                     күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкерлер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), осы Қағидалардың 16-тармағының негізінде "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            Лауазымның атауы            Қолы

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            Лауазымның атауы            Қолы

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            Лауазымның атауы            Қолы