Об установлении размера субсидирования заработной платы социальных рабочих мест, создаваемых неправительственными организациями для лиц с ограниченными возможностями

Постановление акимата города Алматы от 23 октября 2017 года N 4/432. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 7 ноября 2017 года N 1421. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 16 апреля 2019 года № 2/227

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 16.04.2019 № 2/227 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 919 "Об утверждении Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы, внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1136 "Об утверждении перечня правительственных программ и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить следующие размеры субсидирования заработной платы социальных рабочих мест, создаваемых неправительственными организациями для лиц с ограниченными возможностями:

      до 65 000 тенге - в размере 35% от установленного размера заработной платы, но не более минимальной заработной платы в месяц;

      свыше 65 001 тенге - в размере 80% от установленного размера заработной платы, но не более двух минимальных заработных плат в месяц.

      2. Управлению занятости и социальных программ города Алматы обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных периодических изданиях, а также в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе акимата города Алматы.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы М. Дарибаева.

      4. Настоящее постановление акимата города Алматы "Об установлении размера субсидирования заработной платы социальных рабочих мест, создаваемых неправительственными организациями для лиц с ограниченными возможностями" вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Б. Байбек

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 4/432 қаулысы. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 7 қарашада № 1421 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 2/227 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 16.04.2019 № 2/227 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялаудың келесі мөлшерлері белгіленсін:

      65 000 теңгеге дейін - жалақының белгіленген мөлшерінен 35% мөлшерінде, бірақ айына ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс;

      65001 теңгеден жоғары - жалақының белгіленген мөлшерінен 80% мөлшерінде, бірақ айына екі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауы тиіс.

      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.

      4. Алматы қаласы әкімдігінің осы "Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу туралы" қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек