Об определении места для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещения кандидатам в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан для проведения встреч с выборщиками на территории района Магжана Жумабаева

Постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 29 мая 2017 года № 140. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 6 июня 2017 года № 4215. Утратило силу постановлением акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 31 октября 2017 года № 278

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 31.10.2017 № 278 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктами 4, 6 статьи 28 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан" акимат района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить совместно с избирательной комиссией района Магжана Жумабаева (по согласованию) место для размещения агитационных печатных материалов на территории района Магжана Жумабаева для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан, согласно приложению 1.

      2. Предоставить на договорной основе помещение на территории района Магжана Жумабаева для проведения встреч с выборщиками кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан, согласно приложению 2.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области Макулова С.И.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района А. Бегманов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Республика Казахстан
Северо-Казахстанская область
Магжана Жумабаева районная
избирательная комиссия
председатель
В. Фиц
      29 мая 2017 года

  Приложение 1 к постановлению акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 29 мая 2017 года № 140

Место для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан на территории района Магжана Жумабаева

№ п/п

Наименование населенного пункта

Место для размещения агитационных печатных материалов

1

город Булаево

Информационный стенд на территории, прилегающей к зданию коммунального государственного казенного предприятия "Центр самодеятельного народного творчества и досуговой деятельности" акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области", Северо-Казахстанская область, район Магжана Жумабаева, город Булаево, улица Юбилейная, 45

 
  Приложение 2 к постановлению акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 29 мая 2017 года № 140

Помещение для проведения встреч с выборщиками кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан на территории района Магжана Жумабаева

№ п/п

Наименование населенного пункта

Место проведения встреч

1

город Булаево

Актовый зал коммунального государственного учреждения "Булаевская средняя школа № 2", Северо-Казахстанская область, район Магжана Жумабаева, город Булаево, улица Буденного, 10


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар үшін Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай ұсыну туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырда № 140 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 4215 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 31.10.2017 № 278 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мағжан Жұмабаев аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында таңдаушылармен кездесу үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жай ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы С.И. Мақұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бегманов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
В.Фиц
      2017 жылғы 29 мамыр

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 140 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар үшін Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын

1

Булаев қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 45 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің "Халық өнерпаздарының шығармашылығы және бос уақыт қызметі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимаратына іргелес аумақтағы ақпараттық стенд

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 140 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында таңдаушылармен кездесу үшін ұсынылған үй-жай

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Кездесулер өткізу орны

1

Булаев қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Буденный көшесі, 10 "№ 2 Булаев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы