О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2015 года № 160 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере земельных отношений по Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 29 декабря 2017 года № 336. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 января 2018 года № 5053. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 30 июля 2020 года № 178

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 30.07.2020 № 178 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2015 года №160 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере земельных отношений по Западно-Казахстанской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3980, опубликованное 28 августа 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в регламенте государственной услуги "Выдача решения на изменение целевого назначения земельного участка", утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "руководитель услугодателя в течение 2 (двух) часов рассматривает документы и направляет в уполномоченный орган по земельным отношениям либо в структурное подразделение соответствующего местного исполнительного органа, осуществляющее функции в сфере архитектуры и градостроительства, в пределах компетенции (далее – уполномоченный орган) для исполнения;".

      2. Государственному учреждению "Управление земельных отношений Западно-Казахстанской области" (Муханбетжанова А.Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Западно-Казахстанской области Утегулова А.К.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким области А. Кульгинов

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 160 "Батыс Қазақстан облысы бойынша жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 336 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қаңтарда № 5053 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.07.2020 № 178 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №160 "Батыс Қазақстан облысы бойынша жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3980 тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не құзыреті шегінде тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) орындау үшін жолдайды;".

      2. "Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ә.Б. Мұханбетжанова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Көлгінов