Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району

Постановление акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 31 мая 2017 года № 162. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 19 июня 2017 года № 4819. Утратило силу постановлением акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 29 апреля 2019 года № 78

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 29.04.2019 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 июля 2016 года №14010), акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда со списочной численностью работников по Акжаикскому району:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти человек - в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Акжаикского района" обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Акжаикского района Т.Габдушева.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А.Жоламанов

Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 162 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 4819 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 78 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 29.04.2019 № 78 қаулысы (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақжайық ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүзден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елуден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Габдушевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә.Жоламанов