О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 429 "Об утверждении Правил поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования"

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 3 августа 2018 года № МЗ-3. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 августа 2018 года № 17317. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-278/2020.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 15.12.2020 № ҚР ДСМ-278/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии c подпунктом 11) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 429 "Об утверждении Правил поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11526, опубликован 22 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах поощрения работников субъектов здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Некоммерческое акционерное общество "Фонд социального медицинского страхования" (далее – Фонд) обеспечивает своевременность перечисления субъектам ПМСП сумм СКПН за отчетный период согласно Правилам оплаты услуг субъектов здравоохранения, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 марта 2018 года № 138 "Об утверждении Правил оплаты услуг субъектов здравоохранения и Правил оплаты стоимости фармацевтических услуг субъектам в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16685).";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Начисленная сумма поощрения работникам субъекта здравоохранения включает суммы индивидуального подоходного налога, обязательных пенсионных взносов и других удержаний в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)".";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Поощрение медицинских работников субъектов ПМСП за счет средств СКПН осуществляется на основе достигнутых индикаторов конечного результата деятельности субъекта ПМСП (далее – индикаторы конечного результата), определенных Методикой формирования тарифов на медицинские услуги, оказываемые в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования, утвержденной приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 ноября 2009 года № 801 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5946) (далее – Методика).";

      пункт 36 изложить в следующей редакции:

      "36. С целью обеспечения достижения целевого значения по индикаторам конечного результата осуществляется мониторинг индикаторов процесса следующими участниками:

      1) служба поддержки пациента и внутреннего контроля (аудита) субъекта ПМСП;

      2) Управления здравоохранения областей, городов республиканского значения и столицы (далее – управление здравоохранения);

      3) Фонд;

      4) Комитет охраны общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – КООЗ) и (или) его территориальные подразделения (далее - ТД КООЗ)."

      абзац первый пункта 38-1 изложить в следующей редакции:

      "38-1. Фонд проводит:";

      пункт 50 изложить в следующей редакции:

      "50. В случае наличия у работника ПМСП нарушений, выявленных в отчетном периоде по результатам внутренней экспертизы службой поддержки пациента и внутреннего контроля (аудита) в порядке, определенном приказом № 173, начисленная сумма СКПН уменьшается решением комиссии, но не более 50% от начисленной суммы СКПН.".

      2. Департаменту координации обязательного социального медицинского страхования Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течении десяти рабочих дней после дня государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Актаеву Л.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 3 тамыздағы № МЗ-3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17317 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-278/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11526 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес МСАК субъектілеріне есепті кезең үшін КЖНЫК сомаларын аударудың уақтылығын қамтамасыз етеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлеріне көтермелеу сомасына "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексіне сәйкес (Салық кодексі) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары және басқа да ұстап қалулар кіреді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. КЖНЫК қаражаты есебінен МСАК субъектілерінің медицина қызметкерлерін көтермелеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесімен (бұдан әрі - Әдістеме) айқындалған МСАК субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының (бұдан әрі - түпкілікті нәтиженің индикаторлары) негізінде жүзеге асырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Түпкілікті нәтиже индикаторлары бойынша нысаналы мәніне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында процесс индикаторларын мониторингілеуді мынадай қатысушылар жүзеге асырады:

      1) МСАК субъектісінің пациентті қолдау мен ішкі бақылау (аудит) қызметі;

      2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармасы);

      3) Қор;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – ҚДСК) және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – ҚДСК АД).";

      38-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-1. Қор:";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. МСАК қызметкерінде № 173 бұйрықпен айқындалған тәртіпте пациентті қолдау мен ішкі бақылау (аудит) қызметінің ішкі сараптама нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған жағдайда, есептелген КЖНЫК сомасы комиссия шешімімен азайтылады, бірақ есептелген КЖНЫК сомасының 50%-ынан артық емес."

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
А. Цой