Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Аршалынского района

Решение Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 17 мая 2018 года № 25/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 4 июня 2018 года № 6644. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 10 сентября 2021 года № 14/3.

      Сноска. Утратило силу решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 10.09.2021 № 14/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Аршалынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Аршалынского района.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Э.Алиев
      Секретарь
районного маслихата
К.Шедербеков

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким
Аршалынского района
А.Тайжанов

      17 мая 2018 года

  Утверждены
решением Аршалынского
районного маслихата
от 17 мая 2018 года
№ 25/6

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Аршалынского района Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Аршалынского района, разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Аршалынского района.

      2. Передача бесхозяйных отходов в коммунальную собственность Аршалынского района осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется местным исполнительным органом Аршалынского района (далее - местный исполнительный орган).

      4. Для целей управления бесхозяйными отходами местным исполнительным органом создается комиссия (далее - комиссия).

      Органом по организации работ по управлению бесхозяйными отходами определяется государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Аршалынского района".

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

Глава 2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование бесхозяйных отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных бесхозяйных отходов осуществляется местным исполнительным органом района с учетом рекомендаций комиссии, в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан, за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению бесхозяйных отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены бесхозяйные отходы, после их реализации, утилизации и удаления, производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

Глава 3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с бесхозяйными отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

Сот шешімімен Аршалы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 25/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 маусымда № 6644 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 14/3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 10.09.2021 № 14/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен Аршалы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Э.Алиев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Шедербеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аршалы ауданының
әкімі
А.Тайжанов

      2018 жылғы 17 мамыр

  Аршалы аудандық
мәслихатының 2018 жылғы
17 мамырдағы № 25/6
шешімімен бекітілген

Сот шешімімен Аршалы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Аршалы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Аршалы ауданының коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Иесіз қалдықтарды Аршалы ауданының коммуналдық меншігіне беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Аршалы ауданының жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

      4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында ауданның жергiлiктi атқарушы органы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде "Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды ауданның жергілікті атқарушы органы коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Иесіз қалдықтар іске асырылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.