О внесении изменения и дополнений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 "Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас"

Решение 26 сессии Саранского городского маслихата Карагандинской области от 21 июня 2018 года № 293. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 3 июля 2018 года № 4844. Утратило силу решением Саранского городского маслихата Карагандинской области от 28 марта 2024 года № 103

      Сноска. Утратило силу решением Саранского городского маслихата Карагандинской области от 28.03.2024 № 103 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Саранский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 "Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8-7-129, опубликовано в газете "Саран газеті" от 30 декабря 2011 года № 53) следующие изменение и дополнения:

      в Правилах о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас, утвержденных указанным решением:

      1) пункт 1 дополнить подпунктом 13) следующего содержания:

      "13) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме.";

      2) дополнить пунктами 2 - 1 и 2 - 2 следующего содержания:

      "2 - 1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб - портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      2 - 2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.";

      3) пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;

      3) адресной справки с места жительства на заявителя (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки об отсутствии (наличии) недвижимого имущества (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      5) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      6) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      7) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      8) банковского счета;

      9) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      10) счета на потребление коммунальных услуг;

      11) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      12) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается.

      При повторном обращении семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 18 - 5 настоящих Правил.";

      4) дополнить пунктами 18 - 1, 18 - 2, 18 - 3, 18 - 4, 18 - 5 и 18 - 6 следующего содержания:

      "18 - 1. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      18 - 2. В случае предоставления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      18 - 3. В случае обращения через веб - портал "электронного правительства", услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      18 - 4. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      18 - 5. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, предоставленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб - портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      18 - 6. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Саранского городского маслихата по вопросам законности, охране прав граждан и развитию социальной сферы.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ш. Исенов
      Секретарь маслихата О. Баймаганбетов

Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы" № 676 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы 26 сессиясының № 293 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 4844 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.03.2024 № 103 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы" № 676 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8 – 7 - 129 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 53 "Саран газеті" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережесінде:

      1) 1 - тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы - коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай - ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.";

      2) мынадай мазмұндағы 2 - 1 және 2 - 2 тармақтармен толықтырылсын:

      "2 - 1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб - порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      2 - 2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.";

      3) 18 - тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 18-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.";

      4) келесі мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3, 18-4, 18-5, 18–6 - тармақтармен толықтырылсын:

      "18 - 1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      18 - 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      18 - 3. "Электрондық үкімет" веб - порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай - ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      18 - 4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      18 - 5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб - порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.".

      18 - 6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы делелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш. Исенов
      Мәслихат хатшысы Ө. Баймағанбетов