Об установлении публичного сервитута государственному учреждению "Рудненский городской отдел строительства" акимата города Рудного на земельный участок для строительства сетей электроснабжения к микрорайонам малоэтажной застройки 23, 28, 29

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 23 апреля 2018 года № 515. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 14 мая 2018 года № 7762

      В соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года и подпунктом 10) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут государственному учреждению "Рудненский городской отдел строительства" акимата города Рудного на земельный участок площадью 6,1280 гектаров, расположенный по адресу: город Рудный, микрорайоны 23, 28, 29, для строительства сетей электроснабжения к микрорайонам малоэтажной застройки 23, 28, 29.

      2. Государственному учреждению "Рудненский городской отдел земельных отношений" акимата города Рудного в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления акимата направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Рудного после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Рудного.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
акима города Рудного
Е. Скаредина

Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 23, 28, 29 аз қабатты құрылыс шағын аудандарына электрмен жабдықтау желілерін салу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 515 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 мамырда № 7762 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы 23, 28, 29 шағын аудандары мекенжайы бойынша орналасқан 23, 28, 29 аз қабатты құрылыс шағын аудандарына электрмен жабдықтау желілерін салу үшін алаңы 6,1280 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитуты белгіленсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы
әкімінің міндетін атқарушы
Е. Скаредина