Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жарминского района

Решение Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 12 сентября 2018 года № 25/219-VI. Зарегистрировано Управлением юстиции Жарминского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 10 октября 2018 года № 5-10-154. Утратило силу решением Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29 мая 2020 года № 46/409-VI

      Сноска. Утратило силу решением Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29.05.2020 № 46/409-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Жарминский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 31104 (тридцать одна тысяча сто четыре) тенге специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жарминского района.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.12.2019 № 41/335-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Определить следующий порядок оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее - социальная поддержка):

      1) назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Жарминского района" (далее - услугодатель);

      2) для получения социальной поддержки физическое лицо (или его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в "Государственную корпорацию "Правительство для граждан" – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения (далее – Государственная корпорация), к услугодателю или акиму поселка, сельского округа с заявлением в произвольной форме и представляет следующие документы:

      документ, удостоверяющий личность (требуется для идентификации личности);

      справка с места работы;

      документ, подтверждающий наличие лицевого счета в банке второго уровня или в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций;

      3) решение о назначении социальной поддержки либо мотивированный ответ об отказе принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение социальной поддержки в следующие сроки:

      при обращении в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан", услугодателю – с момента регистрации пакета документов услугодателем – 10 (десять) рабочих дней;

      с момента сдачи пакета документов акиму поселка, сельского округа по месту жительства – 15 (пятнадцать) рабочих дней;

      4) основанием для отказа в назначении социальной поддержки является:

      недостоверность сведений или несоответствие документов предоставляемых заявителем;

      проживание в сельской местности за пределами Жарминского района;

      при совмещении должностей, должность получателя социальной поддержки по основному месту работы, не соответствует перечню должностей имеющих право на социальную поддержку;

      повторное обращение в течение года, в случае назначения социальной поддержки в текущем году.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением Жарминского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27.12.2019 № 41/335-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Признать утратившим силу решение Жарминского районного маслихата от 28 октября 2014 года № 23/202-V "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3548, опубликовано в газете "Қалба тынысы" 20 ноября 2014 года, в информационно-правовой системе "Әділет" 21 ноября 2014 года) и решение Жарминского районного маслихата от 22 сентября 2017 года № 14/123-VI "О внесении изменений в решение Жарминского районного маслихата № 23/202-V от 28 октября 2014 года "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5227, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 10 октября 2017 года, в газете "Қалба тынысы" 20 октября 2017 года).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Оспанбаев
      Секретарь Жарминского районного маслихата А. Сахметжанова

Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 25/219-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 10 қазанда № 5-10-154 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 46/409-VI

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 29.05.2020 № 46/409-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге көлемінде көрсетіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 27.12.2019 № 41/335-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдау көрсетуді тағайындауды уәкілетті орган – "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қызмет беруші) жүзеге асырады;

      2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) еркін түрде өтінішпен қызмет көрсетушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне жүгінеді және келесі құжаттарды береді:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      жұмыс орнынан анықтама;

      екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтық құжат;

      3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас таруға негіз болады:

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы;

      берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Жарма ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 27.12.2019 № 41/335-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 23/202-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3548 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінің 2014 жылғы 20 қарашасында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 қарашасында жарияланған) шешімінің және "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 23/202-V шешіміне өзгірістер енгізу туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 14/123-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5227 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қарашасындағы, "Қалба тынысы" газетінде 2017 жылғы 20 қазанындағы жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Оспанбаев
      Жарма ауандық мәслихатының хатшысы А. Сахметжанова