О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 13 марта 2014 года № 16-2 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Жангалинском районе"

Решение Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 30 марта 2018 года № 20-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 6 апреля 2018 года № 5119. Утратило силу решением Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 20 февраля 2020 года № 43-1

      Сноска. Утратило силу решением Жангалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 20.02.2020 № 43-1 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жангалинского районного маслихата от 13 марта 2014 года № 16-2 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Жангалинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3480, опубликованное 12 апреля 2014 года в газете "Жаңарған өңір") следующие изменения:

      в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Жангалинском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья или сдающие в наем (аренду) или поднаем, жилищная помощь не назначается. Жилищная помощь не предоставляется в случаях, если в членах семьи имеются трудоспособные лица, которые не работают, не учатся и не зарегистрированы в уполномоченном органе в качестве безработных, за исключением занятых воспитанием ребенка в возрасте до трех лет, лиц, осуществляющих уход за инвалидами, нуждающихся в уходе.".

      2. Руководителю аппарата Жангалинского районного маслихата (С.Успанова) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Е.Ибрашев
      Секретарь маслихата З.Сисенғали

Жаңақала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 16-2 "Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 сәуірде № 5119 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 ақпандағы № 43-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 20.02.2020 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 16-2 "Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3480 тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірдегі "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:

      8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Үш жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға тұрғын үй көмегі берілмейді.".

      2. Жаңақала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Ибрашев
      Мәслихат хатшысы З.Сисенғали