О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 апреля 2018 года № 173 "Об утверждении Стандарта организации оказания акушерско-гинекологической помощи в Республике Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министерства здравоохранения Республики Казахстан"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 13 декабря 2019 года № ҚР ДСМ-149. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2019 года № 19751. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 26 августа 2021 года № ҚР ДСМ-92.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 26.08.2021 № ҚР ДСМ-92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 апреля 2018 года № 173 "Об утверждении Стандарта организации оказания акушерско-гинекологической помощи в Республике Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министерства здравоохранения Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16854, опубликован 14 мая 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в Стандарте организации оказания акушерско-гинекологической помощи в Республике Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 85 изложить в следующей редакции:

      "85. Плановая госпитализация беременных, родильниц и пациенток с гинекологическими заболеваниями в стационар осуществляется по показаниям по направлению специалистов ПМСП или другой организации здравоохранения через портал Бюро госпитализации с определением даты госпитализации врачом стационара.

      Направление беременных и рожениц на родоразрешение регистрируется в Листе ожидания портала Бюро госпитализации со срока 37 недель с учетом уровня регионализации перинатальной помощи. По данному направлению осуществляется госпитализация женщин на родоразрешение с началом родовой деятельности и/или излитием околоплодных вод в стационар (перинатальный центр, многопрофильная больница с родильным отделением). Окончательная дата госпитализации определяется в день поступления в стационар, с регистрацией факта госпитализации в Журнале учета госпитализации и отказов от госпитализации портала Бюро госпитализации.

      Отказ от медицинской помощи с указанием возможных последствий оформляется записью в медицинских документах и подписывается пациенткой либо ее законным представителем, а также медицинским работником".

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Актаеву Л. М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов

"Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 19751 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.08.2021 № ҚР ДСМ-92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16854 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 14 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Жүкті, босанған әйелдерді және гинекологиялық аурулары бар пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу МСАК мамандарының немесе басқа денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша стационар дәрігерінің емдеуге жатқызу күнін айқындауымен, Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Жүкті және босанатын әйелдерді босандыруға жолдама Емдеуге жатқызу бюросы порталының күту парағында перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейі ескеріле отырып, жүктіліктің 37 аптасы мерзімінен бастап тіркеледі. Осы жолдама бойынша әйелдерді емдеуге жатқызу (перинаталдық орталық, перзентханалық бөлімшесі бар көпбейінді аурухана) босануы басталған және/немесе ұрық айналасында су кету басталған кезде босандыруға емдеуге жатқызу жүзеге асырылады. Емдеуге жатқызудың соңғы күні емдеуге жатқызу фактісін Емдеуге жатқызу бюросы порталының емдеуге жатқызу және емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналында тіркей отырып, стационарға түскен күні айқындалады.

      Болуы мүмкін салдарларды көрсете отырып, медициналық көмектен бас тарту медициналық құжаттарға жазба жүргізумен ресімделеді және пациенттің не оның заңды өкілінің, сондай-ақ медицина қызметкерінің қолы қойылады".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов