Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района

Решение Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 14 мая 2019 года № 264. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 17 мая 2019 года № 6154. Утратило силу решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 20 августа 2020 года № 404

      Сноска. Утратило силу решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 20.08.2020 № 404 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района, согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Мартукского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Мартукского
районного маслихата
Б. Абдуллин
      Секретарь Мартукского
районного маслихата
А. Альмухамбетов

  Приложение 1 к решению Мартукского районного маслихата от 14 мая 2019 года
№ 264

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района
1. Общие положения

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств (далее – социальная поддержка) оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района.

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Мартукский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – услугодатель).

      3. Прием заявления и выдача результата оказания социальной поддержки осуществляется через:

      1) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация);

      2) услугодателя;

      3) акима сельского округа, в случае отсутствия услугодателя по месту жительства.

2. Порядок оказания социальной поддержки

      4. Срок оказания социальной поддержки:

      1) при обращении в Государственную корпорацию, услугодателю – с момента регистрации пакета документов услугодателем – 10 (десять) рабочих дней;

      2) с момента сдачи пакета документов акиму сельского округа по месту жительства – 15 (пятнадцать) рабочих дней.

      При обращении в Государственную корпорацию день приема не входит в срок оказания социальной поддержки.

      5. Для получения социальной поддержки физическое лицо (или его представитель по нотариально заверенной доверенности) (далее – услугополучатель) предоставляет заявление в произвольной форме и следующие документы:

      к услугодателю, акиму сельского округа либо в Государственную корпорацию:

      1) документ, удостоверяющий личность (требуется для идентификации личности);

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка либо справка сельских акимов);

      3) справка с места работы;

      4) документ, подтверждающий наличие лицевого счета в банке второго уровня или в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций.

      6. Основанием для отказа в оказании социальной поддержки является:

      1) предоставления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, указанному в пункте 5 и (или) документов с истекшим сроком действия;

      2) недостоверность сведений или несоответствие документов, предоставляемых заявителем;

      3) при совмещении должностей, должность получателя социальной поддержки по основному месту работы, не соответствует перечню должностей, имеющих право на социальную поддержку.

3. Размер оказания социальной поддержки

      7. Социальная поддержка оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 7 500 (семь тысяч пятьсот) тенге.

Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 264 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 6154 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 тамыздағы № 404 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 20.08.2020 № 404 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Б. Абдуллин
      Мәртөк аудандық
мәслихатының хатшысы
Ә. Әлмұхамбетов

  Мәртөк аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 14 мамырдағы
№ 264 шешіміне қосымша

Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
1. Жалпы ережелер

      1. Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Өтінішті қабылдау және әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау қөрсету тәртібі

      4. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      2) тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні әлеуметтік қолдау көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін еркін нысанда жазылған өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);

      3) жұмыс орнынан анықтама;

      4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

      6. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы 5 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      2) өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      3) лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі.

3. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері

      7. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 7 500 (жеті мың бес жүз) теңге мөлшерінде көрсетіледі.