О внесении изменения в решение Шетского районного маслихата от 20 декабря 2018 года № 26/230 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шетского района в 2019 году"

Решение Шетского районного маслихата Карагандинской области от 5 декабря 2019 года № 34/303. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 18 декабря 2019 года № 5591

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шетского районного маслихата от 20 декабря 2018 года № 26/230 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шетского района в 2019 году" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5099, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 4 января 2019 года и в районной газете "Шет Шұғыласы" от 3 января 2019года № 01 (10726)), следующее изменение:

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Предоставить в 2019 году меры социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шетского района.".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь районного маслихата Б. Тулеукулов

Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 26/230 "2019 жылы Шет ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 34/303 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 5591 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №26/230 "2019 жылы Шет ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5099 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқұқтық актілерінің Эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2019 жылғы 4 қаңтарда және аудандық "Шет Шұғыласы" газетінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 01 (10726) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Шет ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Тулеукулов