Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий в местный бюджет

Постановление Сырдарьинского районного акимата Кызылординской области от 21 января 2019 года № 8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 24 января 2019 года № 6664

      В соответствии с пунктом 2 статьи 140 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Сырдарьинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить норматив отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий в местный бюджет, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел финансов Сырдарьинского района" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Сырдарьинского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким района Казантаев Г.

  Приложение к постановлению акимата Сырдарьинского района от "21" января 2019 года №8

Норматив отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий в местный бюджет

      Норматив отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий в местный бюджет, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме коммунальных государственных предприятий на праве хозяйственного ведения устанавливается следующим образом:

Чистый доход до 3 000 000 тенге

5 процентов от суммы чистого дохода

Чистый доход от 3 000 001 тенге до 50 000 000 тенге

150 000 тенге + 10 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 3 000 000 тенге

Чистый доход от 50 000 001 тенге до 250 000 000 тенге

4 850 000 тенге + 15 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 50 000 000 тенге

Чистый доход от 250 000 001 тенге до 500 000 000 тенге

34 850 000 тенге + 25 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 250 000 000 тенге

Чистый доход от 500 000 001 тенге до 1 000 000 000 тенге

97 350 000 тенге + 30 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 500 000 000 тенге

Чистый доход от 1 000 000 001 тенге и свыше

247 350 000 тенге + 50 процентов от суммы, превышающей чистый доход в размере 1 000 000 000 тенге


Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қаңтарда № 6664 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "21" қаңтардағы №8 қаулысына қосымша

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін 

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз 

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз 

Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз 

Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз 

Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз