О внесении изменения в решение маслихата от 27 апреля 2018 года № 223 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области"

Решение маслихата Карасуского района Костанайской области от 3 сентября 2019 года № 340. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 10 сентября 2019 года № 8651. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 5 февраля 2020 года № 369

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 05.02.2020 № 369 (вводится в действие для сел, сельского округа с численностью населения более двух тысяч человек с 01.01.2018 и для сел, сельских округов с численностью населения две тысячи и менее человек с 01.01.2020).

      В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Октябрьское Карасуского района Костанайской области" от 27 апреля 2018 года № 223 (опубликовано 28 мая 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7766) следующее изменение:

      пункт 4 Регламента, утвержденного указанным решением изложить в новой редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета села Октябрьское (далее – село) и отчета об исполнении бюджета;

      согласование решений аппарата акима села по управлению коммунальной собственностью села (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета села;

      согласование отчуждения коммунального имущества села;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима села для дальнейшего внесения в маслихат района для проведения выборов акима села;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима села;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председетель сессии А. Ускумбаева
      Секретать Карасуского районного маслихата С. Казиев

Мәслихаттың 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 223 "Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 340 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 8651 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 05.02.2020 № 369 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауылдар, ауылдық округ үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 3-1-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 223 шешіміне (2018 жылы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7766 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Регламенттің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Октябрь ауылы (бұдан әрі - ауыл) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      ауыл әкімі аппаратының ауылдық коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауыл бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдың коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауыл әкімін сайлауды өткізуге аудан мәслихатына одан әрі ұсыну үшін ауыл әкімінің қызметіне аудан әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;

      ауыл әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрайымы А. Өскімбаева
      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Қазиев