Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 13 ноября 2019 года № 53-1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 22 ноября 2019 года № 5668. Утратил силу решением маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 05 ноября 2021 № 11-9

      Сноска. Утратил силу решением маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 05.11.2021 № 11-9 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" маслихат района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Определить возмещение затрат на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) родителей и иных законных представителей детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее - дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежемесячно на каждого ребенка в размере 3 месячных расчетных показателей.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение производится коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области" в течение соответствующего учебного года;

      2) возмещение затрат на детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями;

      3) возмещение затрат на обучение назначается с месяца обращения до 1 июня соответствующего учебного года, при признании необходимости обучения ребенка с ограниченными возможностями на дому, указанного в заключении психолого-медико-педагогической консультации;

      4) при наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком-инвалидом восемнадцати лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности, в период обучения ребенка-инвалида в доме интернате или санаторной школе), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства;

      5) прием заявления, перечень документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются согласно стандарту государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов", утвержденного приложением 22 приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11342).

      3. Признать утратившим силу решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области "Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" от 30 октября 2015 года № 38-6 (опубликовано 3 декабря 2015 года в информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3474).

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 октября 2019 года.

      Председатель сессии
маслихата района
имени Габита Мусрепова
Северо-Казахстанской области
Д. Амангельдиев
      Секретарь маслихата района
имени Габита Мусрепова
Северо-Казахстанской области
Е. Адильбеков

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2019 жылғы 13 қарашадағы № 53-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қарашада № 5668 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 05.11.2021 № 11-9 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата - аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) әрбір балаға ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      2. Келесі тәртіп бекітілсін:

      1) оқыту шығындарын өтеуді тиісті оқу жылы ішінде "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

      2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға (толық мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі;

      3) оқыту шығындарын өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілген кемтар баланы үйде оқыту қажеттілігі танылған жағдайда өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылының 1 маусымына дейін тағайындалады;

      4) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат үйінде немесе санаторийлық мектепте оқыған кезеңінде), төлем тиісті мән-жайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

      5) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу үшін өтінішті, құжаттардың тізімін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының 22-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-6 шешімінің күші жойылды деп танылсын ("Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 желтоқсанда жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3474 болып тіркелді).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
сессиясының төрағасы
Д. Амангелдиев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Е. Әділбеков