Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Зайсанскому району

Постановление акимата Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 15 ноября 2019 года № 548. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 21 ноября 2019 года № 6297. Утратило силу - постановлением акимата Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 21 января 2021 года № 11

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 21.01.2021 № 11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 14) пункта 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 320 "Об утверждении размеров, источников, видов и Правил предоставления социальной помощи гражданам, которым оказывается социальная помощь", акимат Зайсанского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Организовать бесплатное питание для следующих категорий воспитанников дошкольных организаций образования:  

      1) детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей; 

      2) детям с ограниченными возможностями в развитии, детям – инвалидам;

      3) детям из многодетных семей;

      4) детям из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума.

      2. Бесплатное питание организовывается воспитанникам дошкольных организаций образования при предоставлении следующих подтверждающих документов:

      1) письменного заявления в произвольной форме родителей или лиц, их заменяющих;   

      2) копии справки об утверждении опеки (попечительства), патронатного воспитания – для детей-сирот и детей, оставшихся  без попечения родителей, воспитывающихся в семьях;  

      3) справки об инвалидности – детям-инвалидам или копии медицинского заключения психолого-медико-педагогической  консультации – для детей с ограниченными возможностями в развитии;  

      4) копии свидетельства о рождении детей из многодетных семей;  

      5) справки, подтверждающие принадлежность заявителя (семьи) к получателям государственной адресной социальной помощи, предоставляемой государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Зайсанского района Восточно-Казахстанской области", для детей из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи;  

      6) сведений о полученных доходах (заработная плата работающих родителей или лиц их заменяющих, доходы от предпринимательской деятельности и других видов деятельности, доходы в виде алиментов на детей и других иждивенцев) – для детей из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума. Право на бесплатное питание в период воспитания в дошкольных организациях образования для детей из семей, имеющих право на получение адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, должно подтверждаться ежегодно предоставлением документов в дошкольные организации образования согласно подпунктам 5) и 6) пункта 2 настоящего постановления.

      Финансирование затрат на организацию бесплатного питания в дошкольных организациях образования района осуществляется из местного бюджета на соответствующий финансовый год.

      3. Государственному учреждению "Отдел образования Зайсанского района Восточно-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления, направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории Зайсанского района;

      3) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акима Зайсанского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением постановления акимата возложить на заместителя акима района по вопросам социальной сферы, внутренней политики, образования, занятости и социальных программ.

      5. Настоящее постановление акимата вводится в действие со дня его первого официального опубликования, действие настоящего постановления распространяется на воспитанников посещающих дошкольные организации образования с 1 августа 2019 года.   

      Аким С. Актанов

Зайсан ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 548 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қарашада № 6297 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 21.01.2021 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" № 320 қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

      1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

      3) көп балалы отбасылардың балаларына;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:

      1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      2) отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірістер, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтау құқығы жыл сайын осы қаулының 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.

      Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға шығындарды қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Зайсан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Зайсан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы әкімдік қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, осы қаулының күші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2019 жылғы 1 тамыздан бастап баратын тәрбиеленушілерге қолданылады.

      Әкім С. Ақтанов