Об утверждении Правил внесения изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2020 года № 424. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2020 года № 20508.

      В соответствии с пунктом 7 статьи 72 и пунктом 4 статьи 90 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила внесения изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан-
Министр финансов
А. Смаилов

  Приложение к приказу Первого
Заместителя Премьер- Министра
Республики Казахстан- Министра
финансов Республики Казахстан
от 28 апреля 2020 года№ 424

Правила о внесении изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила внесения изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 7 статьи 72 и пунктом 4 статьи 90 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" (далее – Закон) и определяют порядок внесения изменений и дополнений в сформированный реестр требований кредиторов (далее – реестр).

      2. В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 71 и подпунктом 11) пункта 2 статьи 89 Закона ведение реестра осуществляется реабилитационным управляющим при проведении реабилитационной процедуры, а также временным управляющим до назначения банкротного управляющего и банкротным управляющим при проведении процедуры банкротства.

Глава 2. Порядок внесения изменений и дополнений в реестр

      3. Временным, реабилитационным или банкротным управляющими внесение изменений и дополнений в сформированный реестр осуществляется в следующих случаях:

      1) предъявления кредитором требований, заявленных позже срока, установленного пунктом 2 статьи 72 и пунктом 3 статьи 90 Закона;

      2) получения от кредиторов заявления об уменьшении суммы требований;

      3) при наличии требований кредиторов, сумма которых превышает размер суммы, вырученной от реализации предмета залога либо передачи заложенного имущества залоговому кредитору;

      4) утраты, повреждения предмета залога, прекращения залога в порядке, предусмотренном Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года;

      5) получения заявления о замене кредитора, в случае перехода прав требований кредитора к третьему лицу (уступка права требования, наследования);

      6) получение банкротным управляющим в период проведения процедуры банкротства кредита;

      7) исключения требований кредиторов по результатам выявления администратором фактов необоснованного включения таких требований;

      8) вынесения решения суда или требования уполномоченного органа о включении либо исключении и внесении изменений администратором в реестр;

      9) реорганизации или ликвидации юридического лица, снятия с учета индивидуального предпринимателя или смерти физического лица.

      4. Документы подтверждающие наличие обстоятельств, указанных в пункте 3 настоящих Правил рассматриваются временным, реабилитационным или банкротным управляющими в течение 10 (десяти) рабочих дней с даты их поступления.

      5. В случаях полного либо частичного погашения требований кредиторов, включенных в реестр, изменения и дополнения в сформированный реестр не вносятся.

      6. О результатах рассмотрения требований кредиторов (о признании или непризнании требования в полном объеме или в части с указанием причин непризнания) временный, реабилитационный или банкротный управляющие письменно уведомляют каждого кредитора в день, следующий за днем принятия решения.

      7. В случае внесения изменений и дополнений в реестр, документы подписываются временным, реабилитационным или банкротным управляющими, оформляются и подшиваются в сформированное дело в порядке, определенными Правилами "Об утверждении форм реестра требований кредиторов, Правил и сроков его формирования временным администратором и временным управляющим", утвержденными приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан-Министра финансов Республики Казахстан.

      8. Реабилитационный или банкротный управляющие направляют измененный или дополненный реестр, в уполномоченный орган в срок не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня формирования реестра для размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      9. Реестр считается измененным или дополненным с даты размещения измененного или дополненного реестра на интернет-ресурсе.

Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 424 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20508 болып тіркелді.

      "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 7 тармағы және 90-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 28 сәуірдегі № 424
бұйрығына қосымша

Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидалары

1. Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 7-тармағына және 90-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) өзгертулер мен толықтырулар енгізуді анықтайды.

      2. Заңның 71-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы және 89-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес оңалту рәсімін жүргізу барысында тізілімді жүргізу оңалтуды басқарушымен, сондай-ақ банкроттық рәсімін жүргізу барысында тізілімді жүргізу банкроттықты басқарушымен және банкроттықты басқарушының тағайындалуына дейін уақытша басқарушымен жүзеге асырылады.

2. Тарау. Тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      3. Уақытша, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылармен қалыптастырылған тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу келесі жағдайда жүзеге асырылады:

      1) Заңның 90-бабының 3-тармағымен және 72-бабының 2-тармағымен белгіленген мерзімнен кейін кредитормен талаптарын мәлімдеуі;

      2) талап соммасын кішірейту туралы кредиторлардан арыздың келіп түсуі;

      3) кепілді кредиторға кепілге салынған мүлікті заттай беру кезіндегі немесе кепіл затының өткізілуінен түскен соммадан асатын соммадағы кредиторлар талаптарының бар болуы;

      4) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексімен көзделген тәртіпте кепілдің тоқтатылуы, кепіл затының зақымдалуы, жойылуы;

      5) кредитордың талап ету құқығының үшінші тұлғаға өтуі (талап ету құқықтарын басқаға берілуі, мұрагерлік) кезінде кредитордың алмастырылуы туралы арыздың келіп түсуі;

      6) банкроттық рәсімінің жүргізілуі барысында банкроттықты басқарушымен кредиттің алынуы;

      7) әкімшімен кредиторлардың талаптарының негізсіз қосылу фактілерінің анықталуы нәтижесінде осындай талаптардың алынып тасталуы;

      8) әкімшімен тізілімге өзгерістер енгізу және талаптарды қосу немесе алып тастау туралы уәкілетті органның талаптарының немесе сот шешімінің шығарылуы;

      9) заңды тұлғаның қайта құрылуы немесе таратылуы, жеке кәсіпкердің тіркеуден шығуы немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы;

      4. Осы Қағидалардың 3 тармағында көрсетілген жағдайлардың бар болуын растайтын құжаттар уақытша, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушымен келіп түсу күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      5. Тізілімге қосылған кредиторлар талаптарының толық немесе бір бөлігінің өтелуі жағдайында қалыптастырылған тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілмейді.

      6. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау туралы, танымау себептерін көрсете отырып) уақытша, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылар шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етуі тиіс.

      7. Тізілімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, құжаттарға уақытша, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылармен қол қойылады, құжаттар "Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Қағидалармен анықталған тәртіпте рәсімделіп қалыптастырылған іске тігіледі.

      8. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылар өзгертілген немесе толықтырылған тізілімді қалыптастыру күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін, уәкілетті органға жіберуі тиіс.

      9. Өзгертілген немесе толықтырылған тізілімнің интернет-ресурста орналастырылған күнінен бастап тізілім өзгертілген деп саналады.