Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Айтекебийского района Актюбинской области от 20 августа 2020 года № 172. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 27 августа 2020 года № 7350

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 17, пунктом 4 статьи 69 и пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Айтекебийского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут на земельный участок общей площадью 4610 гектаров, расположенный на участке "Талдыкский" Айтекебийского района без изъятия у землепользователей, для проведения работ по разведке полезных ископаемых Акционерным обществом "Алюминий Казахстана", сроком до 9 декабря 2025 года.

      2. Государственному учреждению "Айтекебийский районный отдел земельных отношений" в установленном законодательством порядке обеспечить.

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Айтекебийского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Айтекебийского района
      Д. Ермаганбетов

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 172 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 7350 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданының "Талдық" учаскесінде орналасқан жалпы алаңы 4610 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен.

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданының әкімі
      Д. Ермаганбетов