О признании утратившим силу решения Шетского районного маслихата

Решение Шетского районного маслихата Карагандинской области от 24 июня 2020 года № 39/364. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 2 июля 2020 года № 5920

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Шетский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение XXI сессии Шетского районного маслихата от 5 мая 2018 года № 21/181 "О повышении ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4761, опубликовано в газете "Шет шұғыласы" от 31 мая 2018 года № 23 (10 695), в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 23 мая 2018 года).

      2. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2020 года.

      Председатель сессии Г. Тусупова
      Секретарь районного маслихата Б. Тулеукулов

Шет аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 39/364 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 5920 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы XXI сессиясының № 21/181 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4761 болып тіркелген, 2018 жылғы 31 мамырдағы №23 (10695) "Шет шұғыласы" газетінде, 2018 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы Г. Тусупова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Тулеукулов