Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год по Зайсанскому району

Постановление акимата Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2020 года № 744. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 30 декабря 2020 года № 8120. Утратило силу - постановлением акимата Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 22 декабря 2021 года № 690

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 22.12.2021 № 690 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктом 6) статьи 9 и подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", пункта 8 Приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 14010), акимат Зайсанского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, с вредными, опасными условиями труда организациям со списочной численностью работников по Зайсанскому району:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Зайсанского района от 26 января 2017 года № 33 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 2 марта 2017 года за номером 4894, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 27 апреля 2017 года).

      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Зайсанского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановлениянаправление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории Зайсанского района;

      3) размещение настоящего постановления на интернет – ресурсе акимата Зайсанского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Нуртазина С.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарьных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Зайсанского района С. Зайнулдин

Зайсан ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 744 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8120 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 690 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 22.12.2021 № 690 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі"Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 498 бұйрығының 8-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген), Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зайсан ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Зайсан ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы №33 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 2 наурызда № 4894 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Зайсан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Нуртазинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі С. Зайнулдин