Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Чингирлаускому району

Постановление акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 24 апреля 2020 года № 57. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 28 апреля 2020 года № 6203. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 26 августа 2022 года № 144

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 26.08.2022 № 144 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №14010), акимат Чингирлауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, с вредными, опасными условиями труда со списочной численностью работников по Чингирлаускому району:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Чингирлауского района от 4 декабря 2018 года № 212 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Чингирлаускому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №5423, опубликованное 19 декабря 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Руководителю аппарата акима района (Сагингереев Т.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Бисембаева А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района А. Муханбетжанова

Шыңғырлау ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 57 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 6203 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 26.08.2022 № 144 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шыңғырлау ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 212 "Шыңғырлау ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" ("Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5423 тіркелген, 2018 жылы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Т.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Муханбетжанова