Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях города Шымкент

Постановление акимата города Шымкент от 13 мая 2021 года № 289. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 14 мая 2021 года № 167

      В соответствии с пунктом 2 статьи 94 Водного Кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и приказом министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 января 2015 года № 34 "Об утверждении правил безопасности на водоемах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10335), акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях города Шымкент согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Шымкент А. Саттыбаева.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шымкент М. Айтенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      руководитель Арало-Сырдарьинской

      бассейновой инспекции по регулированию

      и охране использования водных

      ресурсов Комитета водных ресурсов

      Министерства экологии, геологии и природных

      ресурсов Республики Казахстан

      "____" __________ 2021 года С.С.Нурымбетов

      "СОГЛАСОВАНО"

      руководитель Департамента

      контроля качества и безопасности

      товаров и услуг города

      Шымкент Комитета контроля

      качества и безопасности товаров и услуг

      Министерства здравоохранения Республики Казахстан

      "____" ____________ 2021 года А.К.Тулебаев

      "СОГЛАСОВАНО"

      руководитель департамента экологии

      по городу Шымкент Комитета

      экологического регулирования и контроля

      Министерства экологии, геологии и природных

      ресурсов Республики Казахстан

      "_____" ___________ 2021 года У.К.Егембердиев

  Приложение
к постановлению акимата
города Шымкент от "13" мая
2021 года № 289

Места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях города Шымкент

Наименование водного объекта

Места для массового отдыха населения, туризма и спорта

Ответственные лица

Населенные пункты

1.

Зона отдыха "Холодильник"

Водохранилище Тогус

Индивидуальный предприниматель "М.В.Брезинская"

Енбекшинский район, жилой массив Тогус

2.

Зона отдыха "Рахат Бадам"

Водохранилище Бадам

Товарищество с ограниченной ответственностью "Рахат Бадам"

Енбекшинский район, жилой массив Бадам-1

3.

Исток реки (родник) Кошкар ата

Исток родника

Государственное коммунальное предприятие "Шымкентский государственный дендрологический парк"

Аль-Фарабийский район, улица Кабанбай батыра б/н

4.

Озеро в Шымкентском государственном дендрологическом парке

Искусственное озеро

Государственное коммунальное предприятие "Шымкентский государственный дендрологический парк"

Аль-Фарабийский район, проспект Байдибек би №101

5.

Зона отдыха "Жайлаукол"

Искусственное озеро

Товарищество с ограниченной ответственностью "Нур-Гажайып"

Аль-Фарабийский район, проспект Байдибек би б/н


Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 289 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 мамырда № 167 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабы 2-тармағына және "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалану

      реттеу және қорғау жөніндегі

      Арал-Сырдария бассейндік

      инспекциясы басшысы С.С.Нұрымбетов

      "__" __________ 2021 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      денсаулық сақтау министрлігінің

      Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

      сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

      Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін

      қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

      департаментінің басшысы А.К.Тулебаев

      "__" __________ 2021 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи ресурстар

      министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау

      комитетінің Шымкент қаласы бойынша

      экология департаментінің басшысы У.К.Егембердиев

      "__" __________ 2021 жыл

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "13" мамырдағы
№ 289 қаулысына қосымша

Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер

Су нысандарының атауы

Халықтың жаппай демалуына, туризм мен спортқа арналған орындар

Жауапты тұлғалар

Елді мекендер

1.

"Холодильник" демалыс орны

Тоғыс су қоймасы

Жеке кәсіпкер "М.В.Брезинская"

Еңбекші ауданы, Тоғыс елді мекені

2.

"Рахат Бадам" демалыс орны

Бадам су қоймасы

"Рахат Бадам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Еңбекші ауданы, Бадам-1 елді мекені

3.

Қошқарата өзенінің бастауы (бұлақ)

Бұлақ бастауы

"Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Әл-Фараби ауданы, Қабанбай батыр көшесі н/з

4.

Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл

Жасанды көл

"Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы №101

5.

"Жайлаукөл" демалыс аймағы

Жасанды көл

"Нұр-Ғажайып" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы н/з