О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 121 "Об утверждении правил подушевого нормативного финансирования спортивных секций для детей и юношества"

Приказ и.о. Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 апреля 2022 года № 108. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2022 года № 27901

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 121 "Об утверждении правил подушевого нормативного финансирования спортивных секций для детей и юношества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22637) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 65-9) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах подушевого нормативного финансирования спортивных секций для детей и юношества, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила подушевого нормативного финансирования спортивных секций для детей и юношества (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 65-9) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" и определяют порядок подушевого нормативного финансирования спортивных секций для детей и юношества.";

      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:

      "3. Подушевое нормативное финансирование осуществляется среди поставщиков в соответствии с Правилами размещения государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества и их функционирования, утвержденными приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 120 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22631).

      4. Объем государственного спортивного заказа определяется в соответствии с Методикой подушевого нормативного финансирования государственного спортивного заказа (далее – Методика), утвержденной приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 27 апреля 2021 года № 119 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22633).";

      пункты 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "7. В случае соответствия представленного электронного отчета требованиям, предусмотренными пунктами 5 и 6 настоящих Правил, оплата поставщику за оказанные услуги производится ежемесячно в сроки, предусмотренные подпунктом 1) пункта 10 настоящих Правил.

      В случае выявления несоответствий представленного электронного отчета требованиям, предусмотренными пунктами 5 и 6 настоящих Правил, оператор направляет поставщику электронный отчет на доработку.

      Поставщик устраняет выявленные несоответствия и перенаправляет электронный отчет оператору в течение 2 (двух) рабочих дней со дня получения уведомления от оператора о доработке электронного отчета.

      Оплата поставщику после доработки электронного отчета производится в сроки, предусмотренные подпунктом 3) пункта 10 настоящих Правил.

      8. Оплата поставщику производится, исходя из фактического посещения занятий каждым ребенком, в объеме, не превышающем максимального количества занятий, установленного Методикой.

      В сумму оплаты за оказанные поставщиком услуги по каждому ребенку включаются занятия, пропущенные по следующим уважительным причинам:

      1) по болезни ребенка на основании справки о временной нетрудоспособности студента, учащегося колледжа, профессионально-технического училища, о болезни, карантине и прочих причинах отсутствия ребенка, посещающего школу, детскую дошкольную организацию по форме 037/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579);

      2) в период отпуска законного представителя на основании его письменного заявления, но не более 6 занятий в год.

      В период вынужденного простоя поставщиков, вызванного ограничительными мерами со стороны государства, в том числе по причине карантина, чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, в результате которых дети не посещают спортивные секции, оплата осуществляется в соответствии с пунктом 5 и 6 Методики.

      Требования, предусмотренные в части второй настоящего пункта не применяются к занятиям, которые проводятся дистанционно согласно Методике.

      Оператор проводит перерасчет и доначисление суммы к оплате при предоставлении поставщиком дополнительного электронного табеля посещений, но не более одного раза за отчетный период, с приложением подтверждающих документов о пропусках ребенка по уважительным причинам за прошедшие отчетные периоды, но не позднее 3 (трех) месяцев по отношению к текущему отчетному периоду по уважительным причинам, предусмотренным подпунктом 1) настоящего пункта.".

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим приказом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности министра Н. Дауешов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

"Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 мамырда № 27901 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22637 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басынфа шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22631 болып тіркелген) Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына сәйкес өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік спорттық тапсырыстың көлемі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22633 болып тіркелген) Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалады.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұсынылған электрондық есеп осы Қағидалардың 5 және  6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, өнім берушіге көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде ай сайын жүргізіледі.

      Ұсынылған электрондық есептің осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, оператор өнім берушіге электрондық есепті пысықтауға жібереді.

      Өнім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жояды және оператордан электрондық есепті пысықтау туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық есепті операторға қайта жібереді.

      Электрондық есепті пысықтағаннан кейін өнім берушіге ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

      8. Өнім берушіге ақы төлеу әрбір баланың сабаққа нақты қатысуы негізінде, Әдістемеде белгіленген сабақтардың ең көп санынан аспайтын көлемде жүргізіледі.

      Өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін төлем сомасына әрбір бала бойынша мынандай дәлелді себептермен өткізіп алған сабақтар енгізіледі:

      1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 037/у нысаны бойынша студенттің, колледж, кәсіптік-техникалық училище оқушысының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы, ауруы, карантині және мектепке дейінгі балалар ұйымына баратын баланың болмауының өзге де себептері туралы анықтаманың негізінде;

      2) заңды өкілінің еңбек демалысы кезеңіндегі оның жазбаша өтініші негізінде, бірақ жылына 6 сабақтан аспауы керек.

      Мемлекет тарапынан шектеу шараларынан, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар себебінен туындаған, нәтижесінде балалар спорт секцияларына бармай қалуы кезіндегі өнім берушілердің мәжбүрлі бос тұруы кезеңінде ақы төлеу Әдістеменің 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар Әдістемеге сәйкес қашықтықтан өткізілетін сабақтарға қолданылмайды.

      Оператор өткен есептік кезеңдер үшін дәлелді себептер бойынша, бірақ осы Қағидалардың осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген дәлелді себептер бойынша ағымдағы есептік кезеңге қатысты 3 (үш) айдан кешіктірмей баланың рұқсаттамалары туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өнім беруші қосымша электрондық бару табелін ұсынған кезде, бірақ есепті кезеңде бір реттен аспайтын қайта есептеуді және төлем сомасын қосымша есептеуді жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін, екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің міндетін атқарушы Н. Дауешов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі