О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 "Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 сентября 2022 года № 772. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2022 года № 29946

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 152 "Об утверждении Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10620) следующие изменения:

      в Инструкции прохождения воинской службы в Национальной гвардии Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:

      пункт 47 изложить в следующей редакции:

      "47. Ротации, связанной с переездом в другую местность, не подлежат военнослужащие:

      имеющие супругу (супруга), которой (которому) установлена инвалидность;

      имеющие (являющимися опекунами) детей с инвалидностью, в том числе усыновленных (удочеренных);

      имеющих на иждивении престарелых родителей;

      в год окончания контракта о прохождении воинской службы;

      до достижения предельного возраста которых осталось 3 года;

      в случае невозможности их назначения на равные или высшие воинские должности.";

      пункт 80 изложить в следующей редакции:

      "80. Расторжение контракта по инициативе уполномоченного органа с беременными женщинами, женщинами, имеющими детей в возрасте до трех лет, одинокими матерями, воспитывающими ребенка в возрасте до четырнадцати лет (ребенка с инвалидностью до восемнадцати лет), иными лицами, воспитывающими указанную категорию детей без матери, по сокращению штатов (организационно-штатным мероприятиям) не допускается.".

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
М. Ахметжанов

"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 772 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29946 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери қызмет өткеру нұсқаулығында:

      47-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "47. Мынадай:

      мүгедектік белгіленген зайыбы (жұбайы) бар;

      мүгедектігі бар балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған балалары бар;

      асырауында қартайған ата-аналары бар;

      осы жылы келісімшарт мерзімі аяқталатын;

      әскери қызметте болудың шекті жасына толуына 3 жыл қалған;

      тең немесе жоғары лауазымға тағайындау мүмкін емес әскери қызметшілер басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға жатпайды.";

      80-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "80. Уәкілетті органның бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баласы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баласы) бар жалғызбасты аналармен, аталған санаттағы балаларды анасыз тәрбиелейтін өзге де адамдармен штаттарды қысқарту (ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар) бойынша келісімшартты бұзуға жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов