О внесении изменений в некоторые решения Кокшетауского городского маслихата

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 7 октября 2022 года № С-22/11. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 октября 2022 года № 30143.

      Кокшетауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кокшетауского городского маслихата "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау" от 24 декабря 2020 года № С-49/6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8277) следующее изменение:

      в приложении к указанному решению:

      пункт 1 Перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау изложить в новой редакции:

      "1. Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью.".

      2. Утратило силу решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 24.11.2023 № С-8/8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. секретаря Кокшетауского городского маслихата А.Шаримова

Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № С-22/11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30143 болып тіркелді.

      Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы

      Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.".

      2. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 24.11.2023 № С-8/8 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      6-тармақтың 2)-тармақшасының 6-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);";

      6-тармақтың 4)-тармақшасының 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарына және мүгедектігі бар балаларға;".

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық мәслихаты хатшысының м.а. А.Шаримова