О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Махамбетского района

Постановление акимата Махамбетского района Атырауской области от 20 марта 2024 года № 98. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 20 марта 2024 года № 5159-06

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат Махамбетского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу постановления акимата Махамбетского района от 23 ноября 2016 года № 352 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан Махамбетского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3728) и от 6 сентября 2017 года № 295 "О внесении изменении в постановление акимата Махамбетского района от 23 ноября 2016 года № 352 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан Махамбетского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3952).

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Махамбетского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Махамбетского района К. Нурлыбаев

Махамбет аудандық әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 98 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 наурызда № 5159-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 352 "Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 болып тіркелген) және 2017 жылғы 6 қыркүйектегі № 295 "Махамбет аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 352 "Махамбет ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3952 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Махамбет ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауданының әкімі К. Нурлыбаев