О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства

Закон Республики Казахстан от 13 октября 2003 года N 487

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

     

      1. В Закон  Республики Казахстан от 4 июля 1992 г. "О защите и поддержке частного предпринимательства" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1992 г., N 16, ст. 424; 1995 г., N 20, ст. 120, 121; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 14, ст. 274; 1997 г., N 13-14, ст. 195, 205; 1999 г., N 23, ст. 931; 2001 г., N 8, ст. 52; N 24, ст. 338; 2003 г., N 10, ст. 51):

      статью 4 изложить в следующей редакции:

      "Статья 4. Субъекты частной предпринимательской деятельности

      1. К субъектам частного предпринимательства относятся:
      субъекты индивидуального предпринимательства;
      субъекты микробизнеса;
      субъекты малого предпринимательства;
      субъекты среднего предпринимательства;
      субъекты крупного бизнеса.
      2. Субъектами индивидуального предпринимательства являются физические лица, занимающиеся предпринимательской деятельностью без образования юридического лица и при отсутствии признаков юридического лица.
      Субъектами микробизнеса являются физические лица без образования юридического лица и юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность, со среднегодовой численностью работников до 10 человек. Субъекты микробизнеса входят в состав малого предпринимательства.
      Субъектами малого предпринимательства являются физические лица без образования юридического лица и юридические лица, занимающиеся предпринимательской деятельностью, со среднегодовой численностью работников не более 50 человек и общей стоимостью активов за год не свыше шестидесятитысячекратного месячного расчетного показателя.
      Субъектами среднего предпринимательства являются физические лица без образования юридического лица и юридические лица, занимающиеся предпринимательской деятельностью, со среднегодовой численностью работников до 250 человек и общей стоимостью активов за год не свыше трехсотдвадцатипятитысячекратного месячного расчетного показателя.
      Субъектами крупного бизнеса являются юридические лица, занимающиеся предпринимательской деятельностью, со среднегодовой численностью работников более 250 человек или общей стоимостью активов за год свыше трехсотдвадцатипятитысячекратного месячного расчетного показателя.
      3. Все субъекты частного предпринимательства имеют равные права на осуществление предпринимательской деятельности.
      4. В случае превышения одного из условий, установленных пунктом 2 настоящей статьи, субъекты малого предпринимательства относятся к субъектам среднего предпринимательства, соответственно субъекты среднего предпринимательства к субъектам крупного бизнеса.
      5. Отдельные вопросы деятельности субъектов малого и индивидуального предпринимательства регулируются законодательными актами Республики Казахстан.".

      2. В Закон  Республики Казахстан от 19 июня 1997 г. "О государственной поддержке малого предпринимательства" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 12, ст. 182; 1998 г., N 17-18, ст. 225; 1999 г., N 21, ст. 778; N 23, ст. 931; 2001 г., N 4, ст. 23; N 8, ст. 52; N 24, ст. 338; 2002 г., N 15, ст. 150; 2003 г., N 4, ст. 26):

      1) абзац четвертый статьи 1 изложить в следующей редакции:
      "игорный бизнес - предпринимательская деятельность, связанная с организацией и проведением азартных игр и (или) пари, с целью получения дохода;";

      2) в статье 3:
      в пункте 4 слова "контракту и договорам подряда" заменить словами "индивидуальному трудовому договору";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Субъектами малого предпринимательства не могут быть признаны физические лица без образования юридического лица и юридические лица, осуществляющие:
      деятельность, связанную с оборотом наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров;
      производство и (или) оптовую реализацию подакцизной продукции (кроме производства ювелирных изделий из золота, платины, серебра);
      деятельность в сфере игорного и шоу-бизнеса;
      деятельность в области стандартизации, метрологии, сертификации, аккредитации и управления качеством;
      банковскую деятельность и деятельность на страховом рынке (кроме деятельности страхового агента);
      профессиональную деятельность на рынке ценных бумаг.";

      3) в статье 5:
      в абзаце четвертом слова "сертификации их продукции," исключить;

      дополнить абзацем одиннадцатым следующего содержания:
      "государственные органы в пределах своей компетенции проводят проверки деятельности субъектов малого предпринимательства в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.";

      4) в статье 7:
      в абзаце первом пункта 1 слово "государственный" исключить;

      абзац девятый пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "информирует Президента и Правительство Республики Казахстан о нарушениях законодательства Республики Казахстан, регламентирующего деятельность субъектов малого предпринимательства, допускаемых государственными органами и их должностными лицами.";

      в пункте 2:
      в подпункте 2):
      в абзаце третьем слово "организуют" заменить словами "обеспечивают и несут ответственность за качественную реализацию и";

      в абзаце четвертом слово "осуществляют" заменить словами "обеспечивают формирование и";

      дополнить абзацем шестым следующего содержания:
      "представляют в уполномоченный орган Республики Казахстан, осуществляющий поддержку малого предпринимательства, отчеты о ходе реализации программ на местах и иную информацию, связанные с деятельностью субъектов малого предпринимательства.";

      5) в пункте 7 статьи 9 слово "коммунальной" заменить словом "государственной";

      6) в статье 15:
      часть вторую пункта 2 дополнить абзацем восьмым следующего содержания:
      "участвовать в работе экспертных советов по вопросам поддержки и развития малого и среднего предпринимательства при центральных и местных исполнительных органах, организация деятельности которых определяется типовым положением об экспертных советах, утверждаемых Правительством Республики Казахстан.".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 қазандағы N 487-ІІ Заңы

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 51-құжат):
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Жеке кәсіпкерлік қызмет субъектілері
      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мыналар жатады:
      өзіндік кәсіпкерлік субъектілері;
      микробизнес субъектілері;
      шағын кәсіпкерлік субъектілері;
      орта кәсіпкерлік субъектілері;
      ірі бизнес субъектілері.
      2. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзіндік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
      Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді.
      Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
      Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамға дейінгі және жыл бойғы активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
      Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 250 адамнан астам немесе активтерiнiң жалпы құны бiр жыл iшiнде үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын заңды тұлғалар iрi бизнес субъектiлерi болып табылады.
      3. Жеке кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тең құқықтары бар.
      4. Осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттардың бiрi артық болып кеткен жағдайда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатады, тиiсiнше орта кәсiпкерлiк субъектiлерi iрi бизнес субъектiлерiне жатады.
      5. Шағын және өзiндiк кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiнiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен реттеледi.".

      2. "Шағын кәсіпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат):
      1) 1-баптың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ойын бизнесi - құмар ойындарды және (немесе) бәс тiгу шараларын табыс табу мақсатымен ұйымдастырып, өткiзуге байланысты кәсiпкерлiк қызмет;";
      2) 3-бапта:
      4-тармақтағы "келiсiм-шарт және мердiгерлiк шарттары" деген сөздер "жеке еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды және:
      есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;
      акцизделетiн өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере сатуды (алтыннан, платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден басқа);
      ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;
      стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару саласындағы қызметтi;
      банктiк қызметтi және сақтандыру рыногындағы (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа) қызметтi;
      бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды.";
      3) 5-бапта:
      төртiншi абзацтағы ", олардың өнiмдерiн сертификаттаудың" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді.";
      4) 7-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
      1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін хабардар етеді.";
      2-тармақта:
      2) тармақшада:
      үшінші абзацтағы "бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады" деген сөздер "бағдарламаларды қамтамасыз етеді және олардың сапалы іске асырылуы мен орындалуына жауап береді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "дамытуды жүзеге асырады" деген сөздер "қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз етеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті органына жергілікті жерлерде бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есептерді және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен байланысты өзге де ақпаратты табыс етеді.";
      5) 9-баптың 7-тармағындағы "коммуналдық" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) 15-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігінің жетінші абзацындағы "қатысуға" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, "құқығы бар" деген сөздер алып тасталсын және осы бөлік мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "қызметінің ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін сараптау кеңестері туралы үлгі ережемен айқындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері жөніндегі сараптау кеңестерінің жұмысына қатысуға құқығы бар.".
      2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті