Образование

18.03.2020    Өмірзақова Гүлнұр Оразбайқызы

Мен, Өмірзақова Гүлнұр Оразбайқызы мектеп мұғалімімін. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Бакалавр мамандығым: Қазақ филологиясы: қазақ тілі. Магистратура бітіргенмін. Аударма ісі:орыс тілі, қазақ тілі. Ғылыми педагогикалық бағыт. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітіргенмін.Сұрақ: Жақында "Мұғалім мәртебесі" заңы қабылданды. Сонда Магистратура бітірген мұғалімдерге қосымша ақы төленеді делінген. Аталған магистр ғылыми дәрежем үшін маған қосымша ақы төленуі керек пе?

Үкімет қаулысымен белгіленген көтермелеудің, қосымша ақының және үстемеақының сомалары нақты жүктемеге байланысты:

1) жалпы білім беретін мектептер мен барлық үлгідегі және түрдегі мектеп-интернаттардың 1-4-сыныптарының мұғалімдерін қоспағанда, мұғалімдер мен оқытушыларға дәптер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін;

2) мамандандырылған мектептер мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, мектеп-интернат-колледждерде бейіндік бағыттағы пәндер бойынша оқытқаны үшін;

3) жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың) бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне, жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу-тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлерге;

4) ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының ауылдық жерлердегі мамандарының жұмысы үшін;

5) дене бітімнің даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен; білім беру ұйымдарында оқуға тиіс ақыл-ойының даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен, психоневрологиялық патологиясы бар (білім беру ұйымдарында оқуға тиіс емес) балалармен жұмыс істегені үшін;

6) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен тәрбие колонияларындағы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, мектептердегі, кешкі (ауысымдық) жалпы орта білім беретін мектептердегі және оқу-консультациялық пункттердегі және басқа да мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мекемелердегі балалармен жұмыс істегені үшін;

7) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінде, балалар интернат үйлерінде, отбасылық үлгідегі балалар үйлерінде, пана үйлерінде, мектеп интернаттарда және мүмкіндіктері шектеулі балалар контингенті бар интернат-үйлерде, сәбилер үйлерінде (сыныптарда, топтарда) жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істегені үшін;

8) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін;

9) білім беру бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттырудан өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мұғалімдерінің біліктілік деңгейі үшін, бірақ Заңда белгіленген тәртіппен оқу жүктемесі нормативінен көп емес төленеді;

10) жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу бағдарламалары үшін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы, бірақ Заңда белгіленген тәртіппен оқу жүктемесі нормативінен көп емес мөлшерде төленеді;

11) педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін ұлттық біліктілік тестілеуінен сәтті өткен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, бірақ Заңда белгіленген тәртіппен оқу жүктемесі нормативінен көп емес.".

Қосымша ақы ұлттық біліктілік тестілеуінен сәтті өту қорытындылары және тиісті біліктілігін растау бойынша жүзеге асырылады.

(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы “Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы” №40 бұйрығы).

Примечание: Обращаем Ваше внимание, что в силу пункта 4 статьи 60 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", представляемое разъяснение носит рекомендательный характер.