Вопросы в сфере социального обеспечения (пособия)

20.03.2020    Исмайлова Насиба Фархадовна

Сәлеметсізбе? Елбасының 2019жылы кредитті 300мың теңге көлемінде кешіру (яғни мемлекттен төлеп беру) жарлығы бойынша көпбалалы және мүгедек баласы бойынша статусына жатаын едім. Менің евразийский банкте кредитім бар еді.Сол әлі төленген жоқ. 111 ге қоңырау шалып тіркеткенбіз жәнеҰлттық банкке өтініш тастағанмын, олардың жауабы бойынша бізге кредитіміз 300тг көлемінде төленуі керек деген жауапта, бірақ евр банк үкімет ақша аударған жоқ сондықтан жауып юере алмаймыз деген жауап жіберді.Енді мен осы көмекті қалай аламын және кімге жолығамын

Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қолдау шеңберінде екінші деңгейдегі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар мына талаптардың бәріне сәйкес келген кезде:

1) 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша аталған қарыздар бойынша борышкерлер көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік əлеуметтік көмек алатындар; жетім балалар, ата-анасынан кəмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар болып табылса;

2) қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3000000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса;

3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, өтелуге жатады.

3. Берешегі бар және осы Қағидалардың қолданысы аясына түсетін адамдар қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) жағдайда оның екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы берешегі осы Қағидаларда көзделген тәртіппен және мерзімдерде өтеледі.

4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) атаулы әлеуметтік көмекті алушы – "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған адам (отбасы);

2) екінші деңгейдегі банк – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензия негізінде банк қызметін жүзеге асыруға құқылы заңды тұлға, оның ішінде бұдан бұрын банк болып табылған заңды тұлға;

3) кепілсіз тұтынушылық қарыз – берілген кезде кепіл туралы шарт болмаған, жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген банктік қарыз және (немесе) микрокредит;

4) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;

5) қарыз бойынша жалпы берешек - 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қолданыстағы барлық банктік қарыз шарты (шарттары) және (немесе) микрокредит беру туралы шарт (шарттар) бойынша негізгі қарызды және сыйақыны көрсетуге арналған бухгалтерлік есептің баланс шоттарына есепке жазылған негізгі борыш және есептелген сыйақы түріндегі борышкердің қарызы;

6) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға.

(“Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысы )

Примечание: Обращаем Ваше внимание, что в силу пункта 4 статьи 60 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", представляемое разъяснение носит рекомендательный характер.