«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қабылдауға байланысты БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін әділет органдарына және «Заң газеті» республикалық күнделікті газетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Бұйрық адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі Қорғаныс министрі
____________ Ж. Досқалиев _________ Ә. Жақсыбеков